Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: Ақыл мен Бақыт
22.09.2014 5330 0

Бекітемін:                                               

21 сабақ

Пәні:Әдебиеттік оқу.                                                         Уақыты:

Сабақтың мақсаты: а\ Оқушыларға адам баласының бойындағы                                                               ақыл,білім,ар,мінез  туралы түсінік беру.

                                  ә\ Ізденіп білім алуға,алған білімдерін орынды   қолдана білуге тәрбиелеу.

                                      б\ Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын,сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.

Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік.

Түрі:аралас

Көрнекілігі: білімге байланысты суреттер, мақалдар,жұмбақ.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1.Ертегіден түсінгенін айту.

2. Жақсы,жаман қылықтарды  жалғастырып жазгандарын оқу.

3.Сұрақ қою арқылы бекіту

-Өз достарыңның бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңдар?Әңгімелеу.

-Өз бойыңда осы қасиеттің қайсысы бар?

Фонетикалық жаттығу «Таңырқау»

- Біз әдемі киім көрдік. Біз қалай таң қаламыз?

Ай-ай-ай, ай-ия қандай әдемі! Барлықтарыңыз менен кейін асықпай қайталаңыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

 а\Мақалдың мағынасын ашу.

   Әдет-әдет емес,

   Жөн-әдет.                   

ә\Білекті бірді жығар,

  Білімді мыңды жығар.

2.Мәтінмен жұмыс.

а\Ертегіні түсініп оқы.

ә\Диалог түрінде  бөліп оқуы.

б\Ролге бөліп оқып,ертегіде не туралы айтылғанын өз сөздерімен әңгімелеу.

в\Мәтін бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.

-Ақыл мен Бақыт неге дауласты?

-Бақытты,бірақ ақымақ бала қандай болады?

-Баланың әкесі патшаның алдында неге ұялды?

-Бақыт балаға қандай жақсылық жасады?

Сергіту  сәттері .(Есте сақтауын  дамыту)

Орнымыздан  тұрайық

Алақанды  согайық 

Бір отырып, бір  тұрып

Біз  тыныгып  алайық

IV.Сабақты бекіту.

1.Сен ақыл,бақыт,байлық өнер-білімнің қайсысын таңдар едің.?

2.Өмірдің талабы дегенді қалай түсінесің?.

Сергіту сәті. «Кім шапшаң» ойыны.(Логикалық ойлауын  дамыту)

V. Үйге тапсырма.

1.Ертегіден түсінгенін айту.

2«.Ақыл ,мен сені іздеп жүрмін.Сен болсаң...» тақырыбына эсса жазу.

VI. Бағалау.