Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Шыдамдылық. Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып туралы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық:Тапсырмалар жазу арқылы ойлау
қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін,
есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді
меңгерту арқылы сөздік қорларын,
тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік:
Тазалыққа,
ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың
түрі: аралас сабақ.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,
сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың
көрнекілігі:Кітап,
суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық
байланыс: Орыс
тілі.Дене шынықтыру
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды
түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа
бейімдеу, ыңғайлау.
II.
Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
III.
Жаңа түсінікті қалыптастыру:1. Грамматикалық тақырып- біріккен сөздер туралы түсінік қалыптастыру
Біріккен
сөздер – екі
не одан да көп сөз бірігіп, бір
ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөздер. Мысалы. Тас+бақа,
талды+қорған, Екі+бас+тұз
Біріккен сөздердің емлесі
1. Ғылымның әр саласында терминдік
мәнге ие болған атаулар: баспасөз,
еңбеккүн, сүтқоректі
2. Жан- жанууарлар мен өсімдік
атауы: қарақұйрық, түймедақ т.б.
3. Зат атаулары: еттартқыш,
шаңсорғыш
4. Географиялық атаулар:
Жетіқарақшы, Темірқазық
5. Дене мүшелері: асқаза,
ұлтабар, мойыномыртқа
6. Ән-күй атаулары:
Сарыжайлау, Қараторғай
7. Ауру атаулары: алаөкпе,
көкжөтел
8. Дәстүр атаулары: беташар,
тоқымқағар
9. Ойын атаулары: алтыбақан,
ақсүйек
2.Сабақтың құпиялылығы- ребус
шешу арқылы сабақтың лексикалық тақырыбын табу.
3.Жаңа сөздермен танысу:
Шыдамдылық- выносливость
Өмірінің ұзаруы-
продолжительность жизни
Үйлесімділік- гармония
Сұлулық- красота
Салауатты өмір - здоровый
образ жизни
Рухани- духовный
А) Айтылым :жаңа сөздерді
дұрыс айту;
Ә) Тілдесім: жаңа сөздерді
пайдалана отырып, сөз тіркестерін құрап айту.
4. Кестедегі «Спорттың
қажеттілігі» туралы берілген тірек –сызбаға үйініп,
айту
Жазылым – дәптерге бірнеше
сөйлем құрап жазу.
Үлгі: Спортпен шұғылдану барысында адамның алғырлығы қалыптасады.
Спортпен шұғылдану арқылы адамның оқу мен еңбекке ынтасы
артады.
IV.
Жаңа сабақты бекіту. Жазылым . Сыныпты 3 топқа бөлу
І топ-
шыдамдылық
ІІ топ-
үйлесімділік
ІІІ
топ- алғырлық сөздеріне фонетикалық талдау жасайды.
V.
Сабақты қорыту: Айтылым .Сұрақтарға жауап беріңдер:
- Сіз таңертеңгілік жаттығумен
шұғылданасыз ба?
-Сіздерде қай ойынды
көбірек ойнайды?
- Жақын
арада спорт бәсекелері
бола ма?
-Сіздің қалаңыздың
спорт сарайына қанша көрермен
сыяды?
- Алматыдағы ең үлкен
стадион қайсысы?
- Сіз
спортпен айналысасыз ба?
VI. Үй
тапсырмасын беру: «Денсаулық» тақырыбына
5 мақал жазу, жаттау
VII.
Бағалау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.