Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламтордың шығу тарихынан
16.09.2014 9622 0


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  «Ғаламтордың шығу тарихы» тақырыбы  бойынша  мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді  меңгерту арқылы сөздік қорларын,  тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік:  Тазалыққа,  ұқыптылыққа  баулу.

Сабақтың түрі: аралас  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

 

 Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:       

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу  себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

 

II.  Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

Мәтіннің мазмұнын сұрау

ІІІ.Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1.  Кіріспе сөз

2.Сөздікпен танысу: жүйе-система

Әскери  зерттеулер- военные  исследования

Сенімділік- надежность

Кесінді-отрезок

Хаттама- протокол

Мүмкіндіктері- возможностиъ

Бағалау- оценить

А) сөздерді дұрыс айту;

Ә) сөздік дәптерге жазып алу;

Б) сөз тіркестерін құрап жазу.

3.Мәтінмен танысу- Оқылым

IV. Жаңа сабақты бекіту: Деңгейлік  тапсырмаларды орындау

ІІІ деңгей

1.Мәтіннің мазмұнына  сәйкес  төменде  берілген  сұрақтарды  рет- ретімен   қойып,  соларға  жауап беріңдер.

-Интернет арқылы кіммен танысуға болады?

-Интернет  осыдан  неше жыл  бұрын    пайда болған?

-Торапаралық хаттама деген не?

- Интернетті  пайдаланатындар  нені  іздейді?

- Интернеттің  лайықты  мүмкіндіктерін  кімдер  бағалаған?

- Интернет  алғашқы  рет қай елде пайда болған?

2. «Ғаламтордың  шығу тарихынан» мәтінінің  мазмұнын ашатын  3-4  сөйлем   негізінде  мәтінді  жазбаша   әңгімелеңдер.

 

ІІ деңгей

1.Мәтінді бөліктерге бөліп, әрқайсысына ат қойыңдар. Интернациооналдық терминдерді пайдаланыңдар.

2.Мәтіндегі  қарамен  жазылған  сөздерді  басқа  синоним сөздермен  ауыстырып, әңгімелеңдер.

 

І деңгей

Интернеттің  шығу тарихы  бойынша   қосымша  мәліметтерді  жинақтап, әңгімелеңдер.

 

 

 

V. Сабақты қорыту:  Жазылым: сөйлемдерге  тиісті  етістіктерді  қойып  жазу

4- тапсырма

Интернет  осыдан 25 жыл бұрын АҚШ- та  ...

Ол әскери  зерттеулерді қамтамасыз ету  үшін ...

Мамандар  Интернеттің  лайықты   мүмкіндіктерін ...

Интернетті   пайдаланатындардың  барлығы   ақпарат  ...

 

Керекті сөздер: іздейді, бағалады, пайда болған,  құрылған.

 

 

 

VI. Үй тапсырмасын беру:   236-бет мәтінді мазмұнын айту

 

 

VII. Бағалау.

 

 

VIIІ. Рефлексия : Даналық ағашына өз пікірлерін жазып қалдырады