Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор құрамының элементтері
16.09.2014 3374 0


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  «Ғаламтор  құрамының   элементтері » тақырыбы  бойынша  мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді  меңгерту арқылы сөздік қорларын,  тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік:  Тазалыққа,  ұқыптылыққа  баулу.

Сабақтың түрі: жаңа  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

 

 Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:       

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу  себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

 

II. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1.  Кіріспе сөз

2.Жазылым- 3- тапсырмадағы көп  нүктенің  орнына тиісті   жалғауларын   қойып  жазыңдар.   Мәтінді әңгімелеңдер.

Журнал – сіз... Интернетте  жасаған  саяхатыңыз...  барысын  қарап   шығуға   мүмкіндік  беретін  жүйе. Интернет  Explorer  сіздің  Интернет... жасаған  әрбір  қадамыңыз...   өз бетімен  тіркеп   отырады. Сіздің  кіріп-  шыққан   веб- торапқа деген  сілтемелері  бар бұл  жазбалар журнал қалтасы...   сақталып  тұрады.

1.      Тірек сызбаны пайдалана отырып,   әңгіме құрастыру:

 


IV. Жаңа сабақты бекіту: Төмендегі  сөздер мен сөз тіркестетерінің  аудармаларын  анықтаңдар.

Сөздер мен сөз тіркестері

Аудармалары

1.байланыс жасау

2 телефон желісі

3.көмек

4 басқару

5.айтуға болады

1.можно сказать

2.управлять

3.телефонная  связь

4.помощь

5.связываться

 

V. Сабақты қорыту:   Сұрақтарға жауап беру:

- Интернет  құрамына  кіретін  элементтерді  атаңдар.

- Электронды  поштаның  атқаратын   қызметі  қандай?

- Браузер  деген не?

- Журнал  қандай  мүмкіндік  беретін  жүйе?

- Осы  тақырыпқа   байланысты жаңа   сөздерді  атаңдар.

 

 

 

VI. Үй тапсырмасын беру:   245-бет  4- тапсырма  мазмұндау

 

 

 

VII. Бағалау. Рефлексия