6-сынып "Ең жақын адамдар" сабақ жоспары
Қазақ тілі 6-сынып
Сабақтың
тақырыбы:
Ең жақын
адамдар.
Мақсаты:
Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кенейте келе, адамды сипаттап бере
алу. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрену. Тәуелдік
жалғауды орынды қолдана алу.
Дамытушылық: Қисынды
ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамыту. Сөздік қорын байытып, сөйлемді
дұрыс құрастыра білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының
ерекше екендігін түсіну. Бауырмалдық қатынасты үлгі тұту.
Түрі: Бекіту сабағы.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, «миға шабуыл»
стратегиясы, топпен жұмыс,жекелей жұмыс, қисынды ойлау стратегиясы, постер
құрастыру,
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, суреттер, электрондық оқулық, ән жинағы,
флипчарт, бейнебаян .
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық
дайындық.
Күн шуағын
алақанға саламын,
Жүрегіме
басып, ұстай қаламын.
Ізгі
әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып
кетер сонда дереу жан – жағым.
-
Балалар, күн шуағы болған жолақшаларға, бір-біріңізге тілектеріңізді жазыңдар. (шуақтарды
күн бейнесінің айналасына апарып жапсырады)
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
«Миға
шабуыл».
А)Берілген
мақал – мәтелдерді оқып, мағынасын ашу .
«Аға - ініге ұстаз,
Әпке - сіңліге ұстаз.».
«Әке — асқар тау»
«Ағайын — алтау,
Ана — біреу»
«Ата
- әжелер сөзі — ақылдың көзі»
-
Осы мақал- мәтелдердің тақырыбын бір сөзбен қалай атауға болады?
-
Дұрыс, туған – туыс, ағайын, ең жақын адамдар.
-
Бүгінгі сабақта, бізге ең жақын адамдар
туралы әңгімелеп, сөйлемдер құрастырамыз. Тақырып бойынша сөздерді есімізге
түсіріп сауатты жазып қолдануға үйренеміз.
Б)
Топ лидерлеріне бағалау парағын таратып, түсіндіру.
Оқушы. |
Үй
тапсырмасы: эссе. |
Сөздермен
жұмыс |
Постер
құрастырып, қорғау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Менің
ата-анам» тақырыбына шағын эссе жазу.
ІV.
«Ата
– ана» бейнебаянын тамашалау.
…Сондықтан
бір күні олар қартайғанда, сендер не істеу керексіңдер?
V.
Тапсырма.
-
Ата-анамыз, әке – шешемізден басқа бізге тағы кімдер ең жақын болып табылады?
-
Алдарыңдағы сөздерге назар аударыңдар.
Топтардың
алдарындағы сөздер: бойы, шашы, көзі, мұрны, денесі, мінезі, тәлім-тәрбиесі.
-
Осы сөздерге байланысты , қандай деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді табу.(әр оқушы 2
сөзден бөліп алады)
Мысалы:
Бойы:
бойшаң, ұзынтұра, тапал, сұңғақ бойлы.
Мұрны:
пұшық, пісте, қошқар тұмсық.
Бет
– келбеті: терең әжімі бар, т.с.с.
VI. Флипчартпен жұмыс.
Әр
топ бір сөзден таңдап алады ( аға, әпке, әке, әже, ана, іні,сіңлі, қарындас, )
Берілген
критерийлер бойынша адамды суреттеу. (бір оқушы постерлерін шығып қорғайды)
(критерий бойынша постерлерін бағалау.)
Критерий:
бойы, шашы, көзі, мұрны, денесі, мінезі, тәлім-тәрбиесі.
VIІ
. 6- тапсырма.
Өлеңді
оқып, тәуелденіп барып септеліп тұрған сөзден сөйлемдер құрастыру.
Ең
жақын адамдар –
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі –
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі –
Ақ шашты Әжем бар.
Ұлдардың үлкені –
Бір туған ағам бар,
Қыздардың үлкені –
Бір туған әпкем бар.
Ұлдардың кішісі -
Бір туған інім бар,
Қыздардың кішісі-
Бір туған қарындас
Әпкеге – сіңілі бар.
(А.Сағатова)
Мысалы: Әкемнің әкесі маған ата болады.
Әкемнің
қызы менің әпкем.
VIІІ.
Қорытынды:
Санамақ айту
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз
Бас бармағым – атам,
Балан үйрек – апам,
Ортан терек - әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкентай бөбек – мен.
Біз үйде нешеуміз
Біз үйде бесеуміз
-
Балалар, бүгінгі сабақта ең жақын адамдар жайында көп әңгімеледік. Ал
енді біздің мектепте сендерге ең жақын адам кім деп есептейсіңдер?
-
Әрине, сынып жетекшілерін.
Үйге
тапсырма: Өз сынып жетекшілерін жайында шағын эссе жазып келу.
Бағалау.
Үй тапсырмасы, топтағы жұмыстары бойынша
формативті бағалануы арқылы, суммативті бағалау.
Рефлексия:
Не
білемін? |
Не
білдім? |
Не
білгім келеді? |
|
|
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.