Қазақ әдебиеті 10-11 сынып. Сыныптан тыс іс-шара. Тақырыбы: «Білгірлер отауы»
Мақсаты:
Білімділік: Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша алған білімдерін
жүйелеп, өздік пікірлерін қалыптастыру, өзіндік ойлау қабілеттерін
қалыптастыру, теориялық білімдерін
практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Студенттердің
байқағыштық, тапқырлық, жылдамдық, ұтқырлық, ойлау қабілеттерін дамыту,
пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Достыққа, бірлікке, бірін - бірі сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Қатысушылар: I-II курс студенттері
Көрнекілігі: цитаталар, слайдтар
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
ІІ. Топтармен таныстыру
ІІІ. Білгірлер сайысы
- Қайырлы күн, құрметті
көрермендер, сайысқа қатысушылар!
Өздеріңізге белгілі, қазір бізде қазақ тілі онкүндігі
жүріп жатыр. Міне, бүгін осы онкүндікке байланысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
«Білгірлер отауы» атты сыныптан тыс жұмыс өткелі отыр.
(мақсатымен таныстырылады)
Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін
көтерер сендерсіңдер.
Біздің дана халқымызда «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір», «Білегіңе сенбе,
біліміңе сен» деген нақыл сөздер бар. Олай болса, сайысқа қатысушыларды қол соғып, қошеметтеп, ортаға шақырайық. Олай
болса сайысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар. Бүгінгі «Білгірлер отауы»
атты білгірлер сайысында I курс студенттерінен құралған « Абайдың ізбасарлары
» және II курс студенттерінен құралған « Қырандар»
топтары сіздердің алдарыңызда.
Осы сайысты бағалайтын қазылар алқасымен таныс
болыңыздар:
Өз тілінде сөйлеп өсті сан ұрпақ,
Алар бақыт тәрбиесі ұлағат.
Білімділік – өз жұлдызың көктегі,
Озып шығу – әрбір жастың арманы – ақ,- дегендей, сайыскерлерімізге сәттілік
тілей отырып, сайысымыздың алғашқы айналымын бастаймыз.
Алғашқы айналым – «Деректер»
(әр топ белгілі бір деректер бойынша сұрақтарға жауап
береді. Сұрақтардың үш нұсқасы оқылады. Егер сұрақтың жауабын білсе, бірінші
боп телефон тетігін басқан топ жауап береді.) Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан.
1. «Еңлік –Кебек» дастанында Кебек кездесетін балгердің атын атаңыз?
а)Сабалақ в)Хасан с) Нысан
2. «Жетім қыз» поэмасының авторы кім?
а) Айша в)Алмажан с) Хадиша
3. Көркем шығармадағы кейіпкердің сөзі, өзімен өзі сырласуы, толғанысы қалай
аталады?
а) диалог в) монолог с) эпилог
4. Әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген шешен?
а) Бөлтірік шешен в) Қанай шешен с) Жиренше шешен
5. «Абай жолы» роман-эпопеясы неше кітаптан тұрады
а) 2
в)4
с) 6
6. Сөздердің дұрыс жазылуы жайлы ережелердің жиынтығы
а) орфоэпия в) орфография с) пунктуация
7. Қазақтың «Үш бәйтерегі» биыл неше жасқа толып отыр.
а) 100
в) 110
с) 120
8. Арасынан қыл өтпеу тіркесінің мағынасы
а) өте тату в) жақын с) бірге туған
9. Мақалды толықтырыңыз: Ат сүрінбей ... танымас.
а) көк в) жер
с) ел
10. «Батыр Баян» поэмасындағы хан бейнесі
а) Жәңгір в) Абылай с) Уәли
11. Қобыланды батырдың атын атаңыз?
а) Байшұбар в) Тайбурыл с) Құлагер
12. Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған білімпаз, тілші ғалым
а) М. Қашқари в) Әбу Насыр әл - Фараби с) Ж. Баласағұни
13. Қызды ұзатқанда киетін бас киім қалай атайды?
а) тақия в) қызыл орамал с) сәукеле
14. Ноян қай шығарма кейіпкері?
а) «Батыр Баян» в) «Қалқаман - Мамыр» с) «Еңлік - Кебек»
(ұпайлар
есептеледі, әділқазылар ұпай сандарын жариялайды)
- Оқу - білім - әр болашақ шуағы
Бейнеленген өшпейтұғын шырағы
Дариядай шалқып, тасқан мәңгілік
Білім, ғылым көкте биік тұрады,- дегендей енді «Дәлелдер» деп аталатын келесі сайысымызға кезек берейік.
Бұл сайыста
берілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп, өз дәлелдерін айтады. (Мұнда
да кім жауапты білсе, бірінші боп телефон
тетігін басқан топ жауап береді. Әрбір
дұрыс жауапқа 1 ұпайдан)
1. Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар. (иә)
2. Етістіктің 4 шағы бар. (жоқ 3)
3. «Бақытсыз Жамал» романын М.Дулатов жазған. (иә)
4. Алғабас - Жамбылдың Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ұлының аты ма? (жоқ,
Алғадай)
5. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 5 - ке бөлінеді (жоқ, 4 - ке)
6. «Диуани хикмет» Ахмет Йассауйдің еңбегі (иә)
7. Ұзатылар қызға беретін мүлік байғазы деп аталады (жоқ, жасау)
8. Кереге басы мен шаңырақты ұштастыратын ағаш бақан деп аталады (жоқ, уық)
9. Айтыс халық ауыз әдебиетіне жатады (иә)
10. Ш. Құдайбердіұлы Меккеге барды (иә)
11. Ұлдар атқа мінер кезде, нағашылары арнайы ер-тұрман сыйлаған (иә)
12. Абайдың жеңгелері қойған есімі Телқозы деп аталады (жоқ, Телғара)
13. Тіліміздегі жаңа ұғымды білдіретін сөздер - неологизмдер (иә)
14. Абылайдың шын аты - Әбілқайыр (жоқ, Әбілмансұр)
(ұпайлар есептеледі, ұпайлар жарияланады)
- Арман бар ма балада ұғып өскен,
Ұстаз ойын қимылдан қыбыр еткен,
Ал біздің сайыскерлер табады енді
Қызықтарды осынау суреттерден,- дей келе, ендігі кезекті «Бедерлер» айналымына береміз.
(Мұнда да кім жауапты білсе, бірінші боп телефон тетігін басқан топ жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 3
ұпайдан) Суретте қазақ ақын-жазушылары, сал-серілері суреттері бейнеленген,
сіздер кім екендігін және мансабын айтуларыңыз қажет)
(ұпайлар есептеледі, ұпайлар
жарияланады)
Санамызға тәрбие боп берілсін,
Жүректерге білім болып егілсін.
Ұлттық мұра, дәстүрлердің бәрі де,
Жүректерден асып сөз боп төгілсін.
Ендеше сайысымыздың келесі бөліміне де кезек берейік.
Келесі айналым – «Зымыран сұрақтар»
(бұл айналымда әр топқа жеке - жеке 10 сұрақтан қойылады. Әуелі жауап беру
кезегі ұпайы көп топқа беріледі) . Әр жауап үшін 5 ұпай. Уақыт шектеулі 1 минут
ішінде 10 сұраққа жауап беріп үлгеру
керек.
I-топқа:
1. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
2. Түркістан қаласының ескі атауы. (Яссы)
3. Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын жай сөйлем түрі. (хабарлы
сөйлем)
4. «Мұнар күн» өлеңінің авторы кім?. (Махамбет)
5. «Бармағын тістеді» тіркесінің мағынасы. (алданды)
6. Н.Орманбетұлы қай облыста дүниеге келген?. (Қарағанды облысы)
7. Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер. (антонимдер)
8. Біржан сал кімнің тәрбиесінде болды? (атасы)
9. Ш.Уәлиханов қай жылы қайтыс болды? (1865)
10. Даңғара, ұран, үскірік бұл ненің атаулары (музыкалық аспаптар)
II-топқа:
1. А.Байтұрсынов қай жылы дүниеге келді? (1873 18 қаңтар)
2. Түркі елі киелі жер, екінші Мекке деп түсінген қала (Түркістан)
3. «Қамар сұлу» романының авторы кім? (С.Торайғыров)
4. «Еңлік-Кебек» трагедиясы қай жылы
сахналанды? ( 1917, мамыр )
5. Ж. Аймауытов қай жерде дүниеге келді? (
Павлодар обл, Баянауыл ауд)
6. Жамбыл пір тұтқан ақын (Сүйінбай)
7. Айтылуы бірдей, мағыналары басқа - басқа сөздер (омонимдер)
8. Аңыз бойынша Асанқайғы қайда дүние салған? (Ұлытауда)
9. «Мырқымбай» өлеңінің авторын ата? (Б.Майлин)
10. Жігіттің «үш жұртын» ата? (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
(қазылар алқасы ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды)
Қорытындылау
- Сонымен бүгінгі білім сайысы да өз мәресіне жетті.
Білім - гаухар, бағасы жоқ.
Надандық - кесел, дауасы жоқ,- деген нақыл сөз әрқашан жадымызда болып, бағасы
жоқ байлықты өмірімізге серік етіп, дауасы жоқ кеселден аулақ болайық.
Жеңіске жеткен топ онкүндіктің жабылуында марапатқа ие болады.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.