Қазақ тілі 2 сынып. Тақырыбы: «Білімділер әлемі» интеллектуалдық ойыны
Мұғалім: Слямова Гүлнара Даулетбекқызы
Мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша алған
білімдерін тексеру, жүйелеу.
2.Дамытушылық: сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін
жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
3.Тәрбиелік:ұйымшылдыққа, жан-жақтылыққа баулу.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
1-жүргізуші: -Қайырлы күн құрметті ұстаздар,ата-аналар, балалар!
«Ғылым күніне» арналған «Білімділер әлемі» атты интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: - Сыныпты үш командаға бөлу: І «Сұңқар»,ІІ «Қыран», ІІІ «Бүркіт»
2 жүргізуші: - Бүгінгі интеллектуалды ойын бес асудан тұрады:
I асу. «Бәйге»
II асу. «Сыр сандық»
III асу. «Ойлан, тап»
IV асу. «Жұбын тап»
V асу. «Сөзжұмбақ»
I асу «Бәйге» (сұрақ-жауап, әр командадан 5
бала шығып, киіз үйден сұрақтар суырып алып, жауап береді)
- Бір аптада неше күн бар?
-Үшінші күн қай күн?
- «Мыло» сөзінің аудармасы
- Оқу құралдарын ата
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
- «Учебник» сөзін аудар
- Қазір қай мезгіл?
- «Оқулық» өлеңін жатқа айт
- Сегодня, вчера, завтра сөздерін аудар
- Шампунь сөзін аудар
- Тісті немен тазалайды?
- Сен қай мектепте оқисың?
- Сен қай қалада тұрасың?
- Сен неше жастасың?
- Бесінші күн қай күн?
II асу «Сыр сандық» (әр командадан 1оқушы шығып, сандықтан затты
алып, атайды, санайды, түсін айтады).
III асу «Ойлан, тап»
Тиісті әріпті қойып, аудармасын айтамыз.(Тақтадан
дұрыс жауабын көрсетіп тексеру) Қай топ
жылдам екен. Іске сәт!
ж...ма, с...лгі, ...алам, сыз...ыш, тара...;
к...тап,
к...ше, мысы..., си...р, жыл...ы;
...оян, а...та, о...ушы, к...н, күндел...к.
Сергіту сәті: «Қызыл өрік» үнтаспа, жаттығу түрінде.
IV асу
«Жұбын тап» Үш командаға
үш түрлі тақырыптар бойынша суреттер, сөздер беру, оларды сәйкестендіру.
1топ- «Киімдер», 2-топ «Оқу құралдары», 3-топ «Азық
- түліктер»
V асу «Сөзжұмбақ»
1. Сегодня
2. Полотенце
3. Учитель
4. Дневник
5. Одежда
6. Мяч
7. Книга
8. Ручка
9. Суббота
1О. Желтый
1-жүргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері,
салт-дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті,
ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.
Бүгінгі тойға
арналған,
Бүгінгі ойын қандай-ды!
Кім келеді екен
алдыда,
Жарыс пен жүйрік
таңдайды.
Қорытындылау, марапаттау.
2-жүргізуші: Осымен 2 «В» сыныптары оқушыларының даярлаған
сыныптан тыс іс-шарасы аяқталды.Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.