Қазақ тілі 3 сынып. Сабақтың тақырыбы: Білім еліне саяхат
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Игілік ауылы «Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгүл Жамантайқызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім еліне саяхат арқылы оқушылардың
өтілген материалдарды қалай меңгергенін анықтау, өз ойын жүйелі жеткізе
білуге үйрету.Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдетуге .
Дамытушылық: Жазбаша және ауызша есептеу қабілеттерін
дамыту, танымдылық қабілеттерін,
қызығушылықтарын арттыру,шапшаңдыққа
баулу.
Тәрбиелілік: Белсенділікке, ұйымшылдыққа,
ізденімпаздылыққа, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,топпен жұмыс істей
отырып,өзгенің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық
ойын-сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, жұмбақтар, үлестірмелі қима
қағаздар
Пәнаралық байланысы: Дүниетану, орыс тілі,қазақ тілі, ана тілі,
математика.
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс
түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған
білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 топ
қатысады. Ойын VI айналымнан тұрады.
I-айналым «Ұшқыр
ой»
II –айналым «Тіл
өнері»
III айналым
«Дода»
IV айналым «Құпия сандық»
V айналым
«Айшықты сөздер»
VI айналым «Ойлан
тап!»
Ойын ережесімен
таныстыру.
Ойынды
бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен
таныстырады.
І-топ.
Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ.
Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз:
Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.
Енді ойынымыздың
І- айналымын бастаймыз.
І -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар
қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топқа қазақ тілі мен
математика пәнінен 10 сұрақ қойылады. Сонымен әр топ 10сұраққа жауап береді.
«Сұңқар» тобына:
- Сөздің әрі қарай бөлінбейтін,
мағыналы бөлігі. (түбір)
- Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
- Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
- «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап
береді? (нешінші?)
- Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
- Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс
белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
- 1метрде неше сантиметр бар? (100см)
- Сәуле дегеніміз не?(бір нүктеден таралған түзу сызық)
- Кез келген санды 0-ге көбейтсек
қандай сан шығады?
- Ең үлкен үш таңбалы санды ата?(999)
«Тұлпар» тобына:
- Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?
(2: жуан, жіңішке)
- Заттың қимылын, іс-әрекетін
білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
- Сөздің мағынасын өзгертетін
қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
- Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
- Жалпы
есімдер қалай жазылады? (кіші
әріппен)
- Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс
белгісі қойылады? (нүкте)
- Кез келген санды 0-ге қосқанда қандай
сан шығады?(санның өзі шығады)
- Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең төртбұрыш)
- 1ғасырда неше жыл бар? (100жыл)
- 4х9 өрнегі нешеге тең? (36)
«Болашақ» тобына:
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
- Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
қалай аталады? (жалғау)
- Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
- Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
- Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
- Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)
- 1 тоннада неше килограмм бар?(1000 кг)
- Әріпті өрнек дегеніміз не? (белгісіз санды табу)
- Санды сол санның өзіне бөлсек қандай
сан шығады?(1 шығады)
- 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
ІІ айналым «Тіл өнері»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер
жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1
жұмбақты оқып, шешуін айтады.
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2-топ: Қоймасын қыс
ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3-топ: Бірін-бірі
қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
Әрі қарай кезектесіп оқи береді.
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
10.Кіп-кішкентай екі көз,
Қалай көреді өзі?
Қолы екен ұзын мұрны,
Сол мұрнымен
Тамақ тауып жүреді өзі (піл-слон)
11.Болса да көкте мекені,
Кездеспейді екеуі. (ай,күн-луна
,солнце)
12.Бір қораға қамалғандар,
Жану үшін жаралғандар. (сіріңке-спичка)
ІII
айналым «Дода»
Бұл кезеңде төрт негізгі пәндер бойынша сұрақтар беріледі.Әр сұрақ 10,20,30,40,50,60
ұпайларымен бағаланады.Жауап дұрыс
болмаса қарсыластар жауап береді.Қарсыластардың жауабы дұрыс болса, ұпай
солардың еншісінде.
|
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
60 |
Ана тілі |
|
|
|
|
|
|
Қазақ тілі |
|
|
|
|
|
|
Математика |
|
|
|
|
|
|
Дүниетану |
|
|
|
|
|
|
АНА ТІЛІ пәні бойынша сұрақтар:
Ана тілі-10 Бес асыл мен бес дұшпанды ата?
Ана тілі -20 Төрт түлікті ата?
Ана тілі -30 Әліппенің атасы кім?
(А.Байтұрсынов)
Ана тілі -40 «Нарбала», «Дарабоз»
атанған батырды ата.Оның шын есімі кім? (Қабанбай
батыр. Шын есімі-Ерасыл)
Ана тілі -50 Тұңғыш ұстаз, ағартушыны ата? (Ы.Алтынсарин)
Ана тілі-60 А.Құнанбаевтың
әжесінің есімі кім? (Зере)
ДҮНИЕТАНУ пәні бойынша сұрақтар:
Дүниетану-10 Табиғат нешеге
бөлінеді? Атап шық.
Дүниетану-20 Адам денесінің тірегі
не? (қаңқа)
Дүниетану-30 Дені сау адамның жүрегі 1 минутта неше рет соғады? (60-80)
Дүниетану-40 Географиялық карта дегеніміз не? (жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесі)
Дүниетану-50 Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орында тұрады?(9-шы)
Дүниетану-60 Жел дегеніміз не? (ауаның
бір жерден екінші жерге ауысуын атайды)
ҚАЗАҚ ТІЛІ
пәні бойынша сұрақтар:
Қазақ тілі-10 В қандай дыбыс?
Қазақ тілі-20 Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Қазақ тілі-30 Жұрнақ дегеніміз не?
(сөздің мағынаын өзгертетін қосымша)
Қазақ тілі-40 Етістіктің түрлерін ата? (дара,күрделі)
Қазақ тілі-50 Қатаң дауыссыз дыбыстарды атап шық.
Қазақ тілі-60 Жұрнақ дегеніміз не?(сөздің
мағынасын өзгертетін қосымшаны атайды)
МАТЕМАТИКА пәні бойынша сұрақтар:
Математика -10 Санды 1-ге көбейткенде қандай сан шығады?(санның өзі)
Математика -20 Көбейтудің компоненттерін ата?
Математика -30 Санды 0-ге бөлуге болады ма? (жоқ)
Математика -40 Фигураның периметрін қалай табады? (қабырғасының
қосындысы)
Математика -50 Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің ережесін
айт?(көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді)
Математика -60 Амалды ретімен орында: 28:4+3х9 (34)
ІV айналым «Құпия сандық»
Бұл кезеңде ұлы
ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан
үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)
1.Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап. (А.Байтұрсынов
«Оқуға шақыру»
2.Алты айғы қыс
тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек
тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...
(Б.Майлин «Күлпаш»)
1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас
тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау,
түсі суық,
Басқан жері сықырлап
келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев)
2.Ауылына келген,
еуропаша киінген, сұңғақ бойлы Ахметден деген аққұба жігітті
Мағжанның әкесі Бекен
ізетпен қарсы алды. («Ауылға келген мұғалім» М.Жұмабаев жинақтарынан)
1.Өнер, білім бар
жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс
жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар
жұрттар». Ы.Алтынсарин)
2.Міне, қыркүйек туды,
күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды.Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да
жауып тұр.Күн сирек көрініп,аз жылытады. (М.Дулатов. «Күз»)
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел
көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре
бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,-
дей отырып,
V айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз
тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда
танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі
беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
1.
Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)
1.
Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)
Ойынымыздың соңғы айналымы «Ойлан, тап!» деп аталады. Сендерге
логикалық есептер
беріледі.Әр дұрыс жауап бір ұпай болып есептеледі.Жауап бере алмасаңдар
қарсыластар жауап береді.Егер олардың жауаптары дұрыс болса, ұпай солардың
еншісінде.
1. 1кг мақта ауыр ма, әлде1кг темір ауыр ма?
(тең)
2. 2 бала шахмат ойынын 2 сағат ойнады. Әр
бала неше сағат ойнайды?(2сағаттан)
3. 4жұмыртқа 4минутта піседі.1 жұмыртқа неше
минутта піседі? (4минутта)
4. Жанұяда екі қыздың бес-бесеуден ағалары
бар. Жанұяда неше бала бар? (7)
5. Түнгі сағат 10-да қар жауып тұрса, 24
сағаттан соң күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)
6. Әтештің екі аяғымен тұрғандағы салмағы 4
кг. Бір аяғымен тұрғанда неше кг? (4 кг)
7. Бөлменің 4 бұрышында бір мысықтан отыр, әр
мысыққа қарап үш мысық отыр.Бөлмеде неше мысық бар? (4)
8. Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын
кесіп алсақ неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
9. Үстел үстінде 3шам жанып тұр. Оның біреуін
өшіргенде неше шам қалады? (1 шам
қалады,жанып тұрған екеуі жанып ағып кетеді)
ІІ. Сабақты бекіту:
Қаншаға лайық әркімде,
Білім барын байқадық.
Тез, дұрыс шығару еркінде,
Дәл бағалап айталық.
Әр топ біліміне,
Тиесілі баға алар.
Еңбектенген ерінбестен,
Ой, қиял, сана толар.
ІІІ. Сабақты қорытындылау:
Сонымен біздің
ойынымыз да өз шегіне жетті.
Әр топтың ұпай
сандарын есептеп қорытынды шығару.
Жеңген топты марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.