Главное меню

  • К списку уроков
№9 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару.
11.09.2014 4933 0


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: тақырып  бойынша  есептер   шығару  дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың  тарау  бойынша  алған  білімдерін жүйелеу,   тақырыптың есептер шығару дағдыларын қалыптастыру;  талдау жасау,   салыстыру қабілеттерін дамыту;
  2. Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
  3. Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру. 

  1. Массасы 15 кг антрацит жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есепте.

            Берілгені:                                                 Шешуі:

            m=15 кг                        Q=qm  Q=15 кг*3,4*107 Дж/кг=510*106 Дж

            q=3,4*107 Дж/кг                

                Т/к  Q-?                                                                                Жауабы: Q=510*106 Дж

 

  1. Көлемі 2 л керосин жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есепте.
  2. есептер жинағынан №117-125

ІІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Тексеру сұрақтары:

1)   Неліктен отын жанғанда энергия бөлінеді?

2)   Отын жанғанда бөлінетін энергия неге тәуелді болады?

3)   Отынның меншікті жану жылуы нені көрсетеді?

4)   Отын жанғанда бөлінетін энергияны есептеу формуласын жаз. Q=qm  формуласынан отынның массасын және меншікті жану жылуының өрнегін жаз.

5)   Механикалық энергияның сақталу зады қалай тұжырымдалады?

6) Энергияның сақталу және айналу заңы тұжырымдалады?
ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §§11,12; 7-жаттығу. Қайталау.