Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: «Екі өрнектің квадраттарының айырмасы»
09.09.2014 2072 0

Реті:40

Пән:  алгебра

Сынып: 7 ә                     7в

Күні:

   

Мақсаттары:

Білімділік: Қысқаша көбейту формулаларын, атап айтқанда екі өрнектің квадраттарының айырмасы формулдасын білу, мәнін түсіну, дәлелдей білуі

Дамытушылық:  Екі өрнектің квадраттарының айырмасы формуласын практикада дұрыс қолдана білуі, есептеу жылдамдықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:      1)  Мотивациялық кезең: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2) өткен тақырыпты қорытындылау(1), (2) -формулалары, 5 минут)

                                        3)  Жаңа тақырып беру, сабақтың мақсатымен таныстыру

                                        4) Практикалық бекіту

                                        5)Үйге тапсырма беру

                                        6) Қорытындылау, бағалау 

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2)Қайталауға арналған сұрақтар.

Анықтама: Екі өрнектің қосындысының квадраты мен айырмасының квадраты =бірінші мүшесінің квадраты қосу 2еселенген бірінші мүше мен екінші мүшенің көбейтіндісі қосу екінші мүшенің квадраты, яғни

(а±в)2=а2±2ав+в2

Жаңа тақырып беру:

а22=(а-в)(а+в)

Анықтама:

 Екі өрнектің айырмасының олардың қосындысына көбейтіндісі осы өрнектердің квадраттарының айырмасына тең:

 

1 мысал: (4-5а)(4+5а)=42-(5а)2=16-25а2

                         (8+3х)(8-3х)=82-(3х)2=64-9х2

                         (-m-7а)(7а-m)=(-1)(m+7a)(7a-m)=m2-49а2

 

Анықтама:

Екі өрнектің квадраттарының айырмасы осы өрнектердің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісіне тең

 

16-25а2=(4-5а)(4+5а)

 

4.Практикалық бөлім:

Ауызша есептер:№ 366

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №367, 369, 371

Өздігінен шығаратын есептер: №368, №369/тақ есептер/

Үй жұмысы:    № 368,№369 /жұп есептер, №370

Бағалау

Бағалау:Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау.