Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің айырымының квадраты . Есептер шығару
Реті:39
Пән: алгебра
Сынып: 7 ә 7в
Күні:
Мақсаттары:
Білімділік: Қысқаша көбейту формулаларын, атап
айтқанда екі өрнектің айырымының квадраты формуласының ондық бөлшек, жай
бөлшек, аралас сан, бүтін оң сандар, теріс оң сандар түрінде берілуін білу
Дамытушылық: Екі өрнектің айырымының квадраты
формулаласын практикада дұрыс қолдана білуі, есептеу жылдамдықтарын
арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды
дәлдікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың жоспары:
1) Мотивациялық кезең: түгендеу,
сабаққа ынталандыру
2) өткен тақырыпты қорытындылау (1),(2)
формулаларының жазылуын және оқылуын сұрау (3-4 минут)
3) Практикалық бекіту /оқулық В,С
тобы/
4)Үйге тапсырма беру
5) Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2)Қайталауға арналған сұрақтар.
Анықтама: Екі өрнектің қосындысының квадраты мен айырмасының
квадраты =бірінші мүшесінің квадраты қосу 2еселенген бірінші мүше мен екінші
мүшенің көбейтіндісі қосу екінші мүшенің квадраты, яғни
(а±в)2=а2±2ав+в2
Мысалдар: 1. (х±у)2=х2±2ху+у2
- (2а+9)2-а(4а+31)=4а2+36а+81-4а2-31а=5а+81
- 512=(50+1)2=502+2*50*1+12=2500+100+1=2601
- 792=(80-1)2=802-2*80*1+12=6400-160+1=6241
- а2±2ав+в2 = (а±в)2
3.Практикалық бөлім /б е к і
т у/:
Ауызша есептер:№ 343
Тақтада
орындалатын тапсырмалар: №344, 345, 346, 349
Өздігінен
шығаратын есептер: №350, №352 /тақ есептер/
Тақтада
орындалатын есеп: №351
Үй жұмысы: №№350, №352, /жұп есептер,№353
ережелерді қайталау
Бағалау
Бағалау:Оқушылардың белсенділігіне байланысты
бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.