Сабақтың тақырыбы: Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүшелерді қосу және азайту.
Реті:22
Пән: алгебра
Сынып: 7 ә 7в
Күні: __8.10______ 9.10___
Сабақтың
мақсаттары:
1. Білімділік: Көпмүшелерді және олардың
стандарт түрінде жазылуын білу, оларға қосу және азайту амалдарын қолдана білу.
2. Дамытушылық: Көпмүшелерге қосу және азайту
амалдарын қолдануды машықтандыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды
дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақ барысы: І Мотивациялық кезең:
1) Сәлемдесу
2) Оқушылар тізімін тексеру
3) Сабақтың мақсатымен таныстыру
4) Оқушылардың
сұрақтарына жауап беру, талдау.
5) жаңа тақырып
беру
6) Практикалық
бекіту
7)Үйге тапсырма беру
8)
Қорытындылау, бағалау
Қайталауға арналған сұрақтар. /Бірмүшелер бойынша/
Анықтама1:
Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту
амалы арқылы құрастырылған
өрнекті бірмүше деп атайды.
Анықтама2:
Бірмүшенің сан көбейткіші оның коэффициенті деп аталады.
Анықтама3: Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже
көрсеткіштерінің
қосындысы бірмүшенің
дәрежесі деп аталады.
Анықтама1: Бірмүшелердің қосындысы көпмүше деп
аталады.
Анықтама2: Бірдей немесе коэффициенттері ғана
өзгеше бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды.
Анықтама3: Ұқсас мүшеледің алгебралық қосындысын
оған теңбе-тең бірмүшемен алмастыруды ұқсас мүшелерді біріктіру деп атайды.
Анықтама4: Көпмүшенің дәрежесідеп оның құрамындағы
бірмүше дәрежелерінің ең үлкенін айтады.
ІІІ Бекіту кезеңі:
Тақтада орындалатын
тапсырмалар: №183, 185, 187, 189
Үй жұмысы: §2, №
190
Қайталауға арналған жаттығулар: 44бет, жаттығулар
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.