Физика "Электр тоғының жұмысы мен қуаты" 8 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға токтың жұмысы, қуаты олардың
бірліктері, Джоуль-Ленц заңы туралы ұғым
қалыптастырып түсіндіру.
Дамытушылық:
Электр тогы жайлы білімдерін дамыта отырып, алған
білімдерін күнделікті өмірмен байланыстырып,практикада қолдана білуін
жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып,
өздігінен ізденуге, білім алуға, ұжымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ
барысы:
1.
Ұйымдастыру бөлімі.Шаттық шеңбері.
2.
Үй тапсырмасын тексеру.
а)
Интерактивті тақтаны пайдалану
ә)
Семантикалық карта толтыру
б)
Қатені тап.
3.
Жаңа сабақ түсіндіру. Мағынаны тану бөлімі
4. Бекіту. а) есептер шығару
б) сұрақтар беру
5. Үйге тапсырма.
6. Рефлексия.
7. Қорытындылау.
8. Бағалау.
Шаттық
шеңбері.
Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, шаттық шеңберіне
шақырады.
Мұғалім:
- Сәлеметсіздер ме, балалар, мен сіздерді көргеніме
қуаныштымын, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық.
Жақсылық- күннің шуағы,
Өмірді сәнді қылады.
Шуақ шашқан сәулесі,
Нұрын шашып тұрады
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.