Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияны ауылдық мектепте қолдану
«Қазiргi заманда жастарға
ақпараттық технологиямен байланысты әлемдiк стандартқа сай мүдделi жаңа бiлiм
беру өте қажет»
Н.Ә. Назарбаев
«Жаңа ақпараттық –
коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында
компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды
оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады
және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда информатика пәні мұғалімдерінің
кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық
технологиялары ерекше орын алады.
Жаңа ақпараттық
технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім
алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.
Компьютер – мұғалімнің
басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген
материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден,
компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және
сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар
дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни
көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай
жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады.
Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа
компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары біршама іске асырылды. Енді
сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында,
оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үшін информатика пәнін оқытуда
әдістемелік, ғылыми тұрғыдан жетілдіру жұмыстарының нақты жүйесін қалыптастыру
қажеттігі туындады.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін
компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең
басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің
педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмеген.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп
отырғандай, мектеп пәндерін оқыту үрдісінде компьютерді қолдану мұғалім мен
оқушы қарым-қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің
мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты білім беру жүйесінде
мұғалім-оқушы-оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып,
мұғалім-оқушы-компьютер-оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде білім беру,
оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды
қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді.
Электронды оқулықтың жасалуы концептуальдық негіздегі
модульдік оқудың педагогикалық теориясы болып есептеледі. Болашақ мұғалімдерге
үлкен ақпараттық білім алқабына жол көрсетеді.
Электронды оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға
болады:
- теориялық материалды өз бетімен
оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
- сабақты иллюстрациялық материал
ретінде жабдықтауда көмектеседі;
- сабақта және сабақтан тыс
уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға
мүмкіндік берілген;
- емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдаланады;
Болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындауда
электронды оқулықты қолдану өте тиімді. Оқушылар өздерінің білім көлемін өз
бетімен толықтырып, емтихан материалдарына дайындалады және ақпараттық білім
арқылы танымдық ойлауын қабілеттіліктерін дамытады. Ал, оқушылар үшін ашық
әдістемелік жүйе, өзінің іс-тәжірибесінің жинақталуына, шығармашылық ізденістері
негізінде оқулықты толықтырып, дамытып, жетілдіруге мүмкіндік береді.
Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және
өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан-жақты
ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.
Дейтұрғанмен,
шалғайдағы ауыл мектептері үшін бұл оқулықтар тек оқулық күйінде қалуда.
Электронды оқулық пен кәдімгі оқулықтың айырмашылығы көбінесе аздау болып
жатады. Өйткені:
1)
ауыл мектептерінде Интернет жүйесіне шыға алмай қалған жағдайда, оқушылардың
дербес шығармашылық жұмыстарына қажетті материалдарын оқи алатындай жағдайдағы
электронды оқулықтар болса дейміз. Яғни, электронды оқулықтарға тереңдетілген,
іздестірілген, зерттелген материалдар, үлестірмелі тапсырмалар т.с.с берілсе
ұтымды болар еді. Мысалы : физика, математика, биология пәндері бойынша
олимпиадалық есептерге, ғылыми жұмыстарға жетелейтін материал немесе әдістеме,
нұсқаулар жоқ, оны табу үшін облыс орталықтарына баруға тура келеді .
1. Бүгінгі таңдағы ауыл мектептеріне жеткізілген
электрондық оқулықтар ашылмай қалады;
2.
Жекелеген негізгі пәндерге арналған оқулықтар болмаса, кейбір пәндер бойынша
оқулықтар жоқ . Мысалы, астрономия, бастауыш сыныптар үшін және т.б.
Демек,
оқушылар компьютерді құрал ретінде игеруге тиіс. Яғни оның техникалық жағы ғана
емес, танымдық жағы да ескерілуі керек.
Еліміздің
келешегі қазіргі оқушылар қолында екені даусыз. Қазақстан халқының 60%-ы
ауылдық жерде орналасқанын ескерсек, ауылдағы оқу процесіне АКТ-ны жалпы
қолданысқа енгізудің қаншалықты маңызы зор екенін байқауға болады .
Бірақ
ауыл балалары мен мұғалімдері үшін қашықтан оқыту, интернет жүйесі арман ғана.
Ауыл мұғалімдер әлі де плакатқа сызылған көрнекі құралдарды пайдаланады. Сол
плакатын қолтықтап жүріп, жаңа педагогикалық технологияға қажырлылықпен,
біліктілікпен, білімділікпен үн қосуда. Ауыл мектебінің әрқайсысына ең
болмағанда бір-бірден мультимедиялық құралдар керек-ақ.
Жоғарыда
айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, мектептегі информатиканы оқытуды
жетілдіре отырып, компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын
арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Қорыта
келе айтарымыз, оқу процесінде компьютерді қолдану техникалық жағынан да,
психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып саналады. Бүгінде мектептің
мұғалімдеріне АКТ-ды қолданбай жұмыс істеу мүмкін еместігін түсінетін кез
келді.
Сондықтан
ұсыныс етемін:
1.
Ауыл мектептері жаңа, сапалы компьютерлермен жеткілікті түрде жабдықталса;
2.
Әр мектепте мультимедиалық құралдар жеткілікті болса;
3. Электронды оқулықтың мазмұны
мен құрылымы
жақсартылса;
4.
Ауыл мектептері үшін қашықтан оқыту байланысы жақсартылса;
5.
Информатика пәнінен әр сыныпта сағат саны көбейтілсе;
6.
Бағдарлама бойынша сыныптар оқулықпен, әдістемелік құралдармен қамтамасыз
етілсе;
7. Білім стандартына сай
қолданбалы бағдарламалармен жабдықталса.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.