Информатика "Қосымша стандарттық программалар тарауы бойынша сабақты қорытындылау" 5 сынып
18.08.2015
2874
0
Турсинова Жадыра Берковна
Мақсаты: Қосымша стандарттық программалармен жұмыстануды үйрену.
Күтілетін нәтижелер
А) Қосымша стандарттық программалардың анықтамасын біледі.
В) Қосымша стандарттық программалардың терезесіндегі айырмашылықты айырады.
С) Қосымша стандарттық программаларда еркін жұмыстана алады.
Күтілетін нәтижелер
А) Қосымша стандарттық программалардың анықтамасын біледі.
В) Қосымша стандарттық программалардың терезесіндегі айырмашылықты айырады.
С) Қосымша стандарттық программаларда еркін жұмыстана алады.
Керекті жабдықтар Оқулық «Информатика» 5 сынып. Вьюшока Е.А.,2013, Арман-ПВ.,Әдістемелік нұсқау «Информатика» Вьюшкова Е.А., 2013, Арман –ПВ., интерактивті тақта, презентация
Тапсырмалар: 1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 2. Оқушыларға сұрақ қою және жауаптарына қарай әрекет ету. 3.Түсіну дәрежесін бағалау. 4.Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту. 5. Өзін-өзі реттеу 6.Бірлескен оқу 7. Сыни тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Кіріспе 8 минут Өткенді қайталау үшін "Бинго" әдісін түсіндіреді. "Бинго" әдісінің парақтарын /қосымша1/таратады. "Бинго" әдісінің парақтарындағы сұрақтарға жауаптар жазып, бинго деп айтады. Ортаға шығып сұрақтарды жауабымен оқиды. Оқушылар "Бас бармақ" әдісі арқылы өзара бағалайды. Қанағаттанбаған жауаптарды дұрыстап, өз ойларын айтады, жауаптарды толықтырады. Тұсаукесер 3 минут "Суреттер арқылы топтастыру" әдісін қолданып сыныпты 3 топқа бөледі. (Блокнот, калькулятор, дыбыс жазу) Оқушыға ұсынатын табыс критерийімен таныстырады Қосымша стандарттық программалар тарауынан алған білімдерін қорытындылау. Суреттер арқылы 3 топқа топтасады. Негізгі бөлім 20минут "Галерия" әдісі арқылы 1 топ- калькулятор тобы "Калькулятор бағдарламасының пайдасы", 2 топ- Блокнот тобы "Блокноттың пайдасы мен артықшылығы", 3 топ- Дыбыс жазу тобы "Дыбыс жазу бағдарламасының пайдасы мен артықшылығы" тақырыптарында постер қорғайды. Оқушылар топқа бөлініп өздеріне бөлінген тақырыптар бойынша постер дайындайды және ортаға шығып қорғайды. "Екі жұлдыз, бір ұсыныс беру" арқылы өзара бағалайды. Қорытынды 14минут Тарауды бекіту мақсатында "Ыстық орындық" ойын ойнату, "5:5:1" кері байланыс парақтарын таратады. "Жарайсың!" деп "Ыстық орындықтағы" оқушыны мадақтайды. Үйге тапсырма: "Қосымша стандарттық программалар" тарауы бойынша интернеттен қызықты мағұлматтар іздеуді тапсырады. Бір орындыққа С деңгейіндегі оқушы отырады, қалғаны оған қарсы доға жасап отырады да С деңгейіндегі оқушыға сұрақтар қойылады. "Бинго" /Өткенді қайталау/ Калькуляторды қалай іске қосамыз? Калькулятор қандай программа? Калькулятор қандай режимдерде жұмыс жасайды? Блокнотты қалай іске қосамыз? Блокнот қандай программа? Жазылған дыбыста ойнатқыш программа? Дыбыс жазу программасын қалай іске қосамыз? Дыбыс жазу программасы қандай программа? Дыбысты түзету үшін қолданылатын программа? Кері байланыс парағы 1. Бүгінгі сабақты 5 сөйлеммен қорытындылаңыз: 2. 5 сөйлемді 5 негізгі сөзге дейін қысқартыңыз: 3. Енді оны 1 сөзге дейін қысқартыңыз:
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.