Информатика 5-9 сынып. Тақырыбы: ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
Кожахметова Акмарал Ерболатовна Петропавл қаласы
Қазіргі
кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық
кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық
коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп,
оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа
ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары»,
«компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының
негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру
ғасыры.
Білім беру
үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,
оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды
көздейді.
Бүгінгі
күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты- заман талабына
байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушылар мен студенттерді
тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді араластыру
болып табылады.
Жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны
мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы.
Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды,
мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу
орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай
жасайды.
Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар деп локальдық,
аймақтық, бүкіл әлемдік желілерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі
заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен
кешендерді (бағдарламалау тілдері, транслятор, копиляторлар, операциялық
жүйелер, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған
инструментальды пакеттер), мультимедианы, телекоммуникацияны, виртуальды
ақпараттар жиынтығын айтамыз.
Қазақстан
Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін одан әрі дамыту үрдісін
оқып-үйренудің ақпараттық ресурстары болып табылатын программалық құралдарды
дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы
кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік
ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары болып табылатын электрондық
оқулықтар және мультимедиялық программалар.
Информатика
пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта
мен адамның өзара қарымқатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда
кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін
қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Орта білім
беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында информатика пәнін оқытудың сапасын
арттыру қажет. Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой-өрісі мен
танымдық қабілеттерін дамытуға өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру
мақсатында педагогикалық технологиялардың тиімді түрлерін кеңінен қолданған
дұрыс.
Ақпараттандырудың
негізгі бағыттарының бірі - білім саласын ақпараттандыру болып табылады.
Қоғамымызды құрайтын тұрғындардың ой-еңбегінің жемісі болып табылатын
ақпараттық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі қарқындап дамып келе жатқан
өскелең ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін
анықтап отыр.
Білім беру
жүйесін ақпараттандыру дегеніміз берілетін білім сапасын арттыруды жүзеге
асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық
түрлерінде дәстүрлі технологияларды
тиімді жаңа типті ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты
түрде практикада жүзеге асыру шаралары.
Информатиканы оқыту барысында оқушының жаңа мәліметтерді өз
бетінше іздеуге бейімділігін қалыптастыратын, алған мәліметтерін жинақтап,
сәйкес тұжырымдар жасап, шешім қабылдай алатындай деңгейге жеткізетін әдістерді
қолдану қажеттілігі орын алып отыр. Пәнді оқытудың тиімділігін арттырудағы
оқыту әдісінің бірі – проблемалық оқыту. Проблемалық оқыту – дамытушылық
сипаттағы оқыту, себебі оқушы бір ұғымды немесе құбылысты түсінуге мұқтаж
болғанда ғана ойлана бастайды. Проблемалық жағдайды компьютерді оқыту үрдісіне
пайдалану барысында іске асырудың бірден бір жолы – бұл оқушының білім алуға
деген ынтасын, танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті, өз
бетінше ізденуге арттыру болып табылады. Аталған мәселелерді жүзеге асырудың
тиімді әдістерінің бірі – оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Оқушының
өзіндік жұмыс істеуі – олардың сабақ кезінде программаны жазу, оны компьютерде
орындауы арқылы іске асырылады. Бұл әрекеттерге оқушының қызығушылығын ояту үшін ойын элементтерін пайдаланып,
түрлендіру қажет. Аталған әдістердің элементтерін сабаққа енгізу оқушының
танымдық белсенділігн арттырып, зейінін сабаққа аударады. Оқушының танымдық
белсенділігін арттырып, зейінін сабаққа аудару, білім сапасын көтеруге
бағытталған процесс – ақпараттандыру. Ақпараттық коммуникациялық технология
электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді
пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды
қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына
негізделеді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімге баланы оқытуда бейне
және ойын программаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттық
қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,
логикалық –құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны
өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын
қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Бүгінде оқытуда ақпараттық
технология мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе
қашықтан оқыту қарқынды дамуда.
Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды,
себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне «дыбыс беру» , олармен диалог
«жүргізу» қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі
ерекшелігі болып табылады. Компьютер оқыту процесінің барлық кезеңдерінде
қолданылады: жаңа материалды түсіндіргенде, бекткенде, қайталағанда, білімін,
іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі
функцияларды атқарады.
Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылымиәдістемелік
потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр
сатысында компьютерлік тестер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық
бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің
программасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көмегін тигізеді.
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және
оларда өзін –өзі тексеру жүйесі бар. Сондықтан өзін –өзі тексеру жүйесі оқушы
мен мұғалім арасындағы байланысты алмастырады.
Ақпараттық технология
Оқушыларға тақырып Білімге
бір-бірінен үлкен Оқыту
жүйесінің көп көлемінде немесе белгілі арақашықтықта
деңгейлі жетілдірілуі бір уақыт аралығында орналасқан әр түрлі оқу олардың
тарамдалуы
айтылуға тиіс мәліметтер орындарында отырып мен оқу материалының
көлемін
ұлғайтады қол
жеткізуге болады сапасын
арттырады
Соңғы жылдар ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның
барлық салаларына енгізілуі болашақ ұрпақтың жеке тұлға ретінде дамып –
жетілуіне елеулі іздерін қалдырды. Ақпараттық технологиялар жағдайындағы оқыту
процесі жеке тұлға теориясына сүйенеді. Әрбір жеке тұлға қоршаған ортаға
өзіндік көзқарасымен және өзіндік талаптарымен, белсенділіктің түрлі
сатысымен және басқа да маңызды
қасиеттерімен сипатталады.
Ақпараттық
технологияны информатика пәні сабақтарында пайдалану, оқушылардың шығармашылық,
интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу
дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық
мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда,
оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Компьютермен,
интерактив тақтамен жұмыс жасау оқушының алгоритмдік дүниетанымын
қалыптастырады:
- Өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- Құбылыстарға модельдер құра біледі.
Бағдарламалау
арқылы оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, өзін-өзі бақылауын
қалыптастырады, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Оқушыға тиянақты білім беріп, білім сапасын
көтеру жолында информатика пәніне қызығушылығын ояту үшін, АКТ-ны қолдану тиімді:
- Уақыт ұтамыз /көрнекілік дайындау
т.б./
- Ұстаздардың өз білімін жетілдіруі,
өзара тәжірибе алмасу. / Internet жүйесі
/
-Тәжірибе
жинақтау. /компьютермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады/.
-Бақылау мен бағалаудың объективлігін қамтамасыз етеміз.
-Оқушылардың қосымша білім алуына мүмкіндік туғызамыз.
Қызығушылық /мотивация/ оятуға болады.
-Эстетикалық талғам ескеріледі.
-Заман талабына сай қажеттілікті ақтаймыз.
-Оқушылармен кері байланыс орнатылады.
Ақпараттық
технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен
сипатталады. Сабақта жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын
жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастырумен, сандай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің
жоғары болуымен ерекшеленеді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.