Қазақ тілі 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Мұстафа Шоқай»
Мұстафа Шоқай- көрнекті қоғам
және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері. Мұстафа Шоқай 1890
жылы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы
деген жерде туған. Ауыл молдасынан хат танып, Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға
қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін
бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы
демократиялық қозғалыстарға қатысады.
Ақпан төңкерісіне
дейін Ресей Мемлекеттік Думасының
мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. Өмірінің соңғы жылдары
Түркия арқылы алғаш Германияға,
сонан Францияға барып орнығады. «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын
шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941
жылы Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс
болады. (102 сөз)
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.