Қазақ тілі 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Көктем»
"Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп,
құстар жылы жақтардан қайта оралады. Ағаштар бүршік жарып гүлдейді.”.Әр көктем
ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым.
Қыс пен көктемнін алмасар уақыты. Бір
бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған кішкентай балаларды есіме салады. Біресе
қыс, біресе жылы көктем лебі көрінеді .Ақыры соңында қыс шаршап тынады, ал
көктем керісінше күшіне келеді.
Маған биылғы
көктем ерке көрінді. Сыңғырлаған күлкісін, жылт еткен жанарын бір көрсетіп
ғайып болатын ерке бір қызды еске салды. Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген
қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың.
Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес
келуі де байқалды .Көктем жылы
күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет
бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де адамды
асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді…
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.