Қазақ тілі 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Ұлттық валюта»
1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Т .Сүлейменов, М. Алин Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Біздің қазақстандық теңгеміздің туған күні - 1993 жылдың 15 қарашасы.
Дәл
осы күні Қазақстанның ұлттық валютасы —
теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993
жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.
1993 жылы
қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі,
кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді.
Ұлттық Банктің мұражайы туралы. Қазақстандық валютаны
жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада
Ұлттық Банктің мұражайы ашылды. (107 сөз)
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.