Қазақ тілі 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Зор тұлға»
Әр ғасырдың өзінің біртума
азаматтары , аты аңызға айналған
көрнекті тұлғалары болады. Солардың бірі
– Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Есімі дүние жүзіне белгілі болған көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері.
Ол 1912 жылы 12 қаңтарда
Верный қаласында қарапайым шаруа
отбасында дүниеге келген.
1931 жылы Д.А.Қонаев Мәскеудегі Калинин атындағы «Түсті металдар»
институтына оқуға жіберілді. 1936 жылы осы институттың тау-кен факультетін
бітіріп, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішіне кен инженері болып
барды. Мұнда Д.А.Қонаев қарапайым жұмысшыдан, кеніш директорына дейін
көтеріледі.
Ұлы Отан соғысы кезеңінде Риддер кен
орнының және Лениногор кен басқармасының
директоры болды. Кейін Министрлікте
қызметін атқарды. 1952 жылғы сәуірде Ғылым Академиясының академигі және
оның президенті болып сайланды. (107 сөз)
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.