ашық тәрбие сағаты "Әдептілік - әдемілік"
02.05.2016
7281
871
Пак Анар Оразбайқызы
Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»
Мақсаты: Балалардың бойына жақсы әдеттерді сіңіріп, жат қылықтардан аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіні ренжітпеуге үйрету
Формасы: Танымдық кеш
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, тренинг
Көрнекілігі: мақал – мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар
І. Ұйымдастыру:
А) Сынып бөлмесін тәрбиелік шараға дайындау
Ә) оқушыларды шеңбер бойымен отырғызу
ІІ. Кіріспе бөлім:
Мұғалім сөзі:
- Қош келдіңіздер! Құрметті «Әдептілік - әдемілік» атты тәрбие сағатына қатысушылар! Қазақ халқы ерте кезден – ақ әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында балаларды кішіпейілділікке, ізеттілікке,имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Халқымыз өз ұрпағын
«Әдептілік, ар – ұят
Адамдықтың белгісі
Тұрпайы мінез тағы жат –
Надандықтың белгісі»,
« әдепті бала арлы бала –
Әдепсіз бала сорлы бала» деп әр жастың әдепті, сыпайы, инабатты болуын қадағалаған. Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының , жүріс – тұрысының ережесі, осы әдептілік ережесін сақтау керек.
Уәде беріп, оны орындамаса, кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондайды жұрт «әдепсіз» екен дейді. Онымен басқа адамдар қарым – қатынас жасаудан қашады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.
Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен адамға орын береді. Сөйлескен кезде «сен» демей, «сіз» деп сөйлескен жөн. Ол әдептіліктің белгісі болып табылады. Ал қазір әдепсіз балаға тән қасиеттерді бойына жианған балалар қандай болады екендігін көрейік.
1 – оқушы
Етек кетер салақтап,
Бос жүріспен далақтап.
Ұқыптап сабақ ұқпайды,
Өз бетімен алақтап.
2 – оқушы
Ілгек түйме жұлынып,
Кешке дейін алысар.
Әркімге бір ұрынып,
Құспен, малмен жарысар.
3 – оқушы
Шашы түсіп көзіне,
Түсінбей ақыл сөзіне.
Мұғаліммен таласар,
Дәлел тауып өзіне.
Дәптер, сөмке – бәріде,
Дал – дал болып жыртылған.
Сия төгіп бәріне,
Шимай салған сыртынан.
4 – оқушы
Кеше ғана қадалған,
Өміртайдың түймесі.
Орнында жоқ япырмай,
Қайда кеткен бұ л несі.
Мұғалім сөзі:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй» демекші ендігі кезекті әнге береміз.
Ән:--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
5 – оқушы
Бәрі жақсы баланың,
Беске оқитын сабағын.
Азаматтық оны де,
Ойнатса кім інісін –
Мақұлдайық мұнысын.
Өзі түйме қадаса,
Мұндай бала тамаша.
Барын берсе қолдағы –
Бала жомарт болғаны.
Мұғалім сөзі:
Ал балалар «әдеп» деп, «әдептілік» деп, «инабаттылық» деп қандай мінез бен іс – әрекетті айтамыз?
6 – оқушы
Әдептілік деп – үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласын күтпей – ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біліеді. Көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді. Сонымен әдептілік дегеніміз – әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Ішкі жан дүниесінен осы қасиеттер табылған адам, нағыз әдемі адам. Бір бірімізге кешірімді болу керек, олда әдептілікке жатады. Кейде кешірмейтін мінез – құлықтарда болады, ондай теріс мінезді тез жөнге салып, түзеу керек.
Хор: «Дос болайық бәріміз»
7 – оқушы
Әдеп сақтау- әдептілік, яғни мінез – құлық пен адамгершілік, қарым – қатынастың қалыптасуын, эстетикалық ережесін бұлжытпай орындау. Әдептілік бұзылса, халық дәстүріде бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді.
Хормен:
Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез әдептен!
Мұғалім:
Енді көрермендер кезек сіздерге келді. Қазір сіздермен қызықты ойын ойнаймыз.
(Көрермендермен ойын)
ІІІ. Қорытынды:
Мұғалім сөзі:
Халқымыз жақсы мінез – құлқымен, өнегелі ісімен көзге түскен жастарды әдепті бала екен дейді. Халқымыз әдептілік әдемілік дегенді тегін айтпаған.
Әдепті болу үшін әдемілікті, жақсылықты сезініп, оны бағалап, әсерленіп сол жақсылыққа ұмтыла білу керек.
Адам! Адам!
Бөлісіп уайымды.
Болашаққа болыңдар дайын үлгі,
Бір – біріңе болыңдар мейірімді.
Бір – біріңе болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын.
Ещқашан өрт шалмасын,
Алып емен,ақ балтыр қайығымды.
Бір – біріңе болыңдар қайырымды дей отырып бүгінгі ашық тәрбие сағатымды аяқтаймын.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.