Тәрбиелік сағат «Тәуелсіздік ақ таңы»
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы
басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,
өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу
бойларына адамгершілік, ізгілік қасиеттерін
дамыту.
Жүргізуші: Армысыздар, ағайын, ұстаздар, құрбылар!
«Тәуелсіздік күніне» арналған тәрбие сағатымызды бастайық!
«Тәуелсіздік» деген ұғым тәтті ұғым, қастерлі сөз. Әлемде
соңғы 23 жылдың ішінде тәуелсіздік туын биік ұстап, алға
басқан ел – Қазақстан.
Көрініс:
«Тәуелсіздік таңы»
Әжесі жүн түтіп отырады. Немересі далада ойнап жүреді.
Әжесі: - Е, ботам-ау! Бергеніңе шүкір...
Немересі: - Әже, әжетай. Далада керемет болып жатыр. Аспанға
жарқылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр, жүріңіз көрейік.
Әжесі: - Е, е, жарығым, бұл қуаныш Тәуелсіздіктің мейрамына
арналған керемет қой! Жақсылығың ұзағынан болсын!
Немересі: - Әжетай, Тәуелсіздік деген не?
Әжесі: - Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың,
балам. Біздің кезімізде бұндай еркіндік болған жоқ. Әне, қарашы, күннің өзі
күлімдеп тұр. Бұл Тәуелсіздіктің мәңгі жарық күні.
Немересі: - Ендеше мен жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай,
сүйінші, сүйінші, сүйінші! Тәуелсіздіктің таңы атып келеді!
1-оқушы:
Желтоқсан айын естісең
Дауыл
боп бұрқырап ескенсің
Ызасын
елдің тескенсің
Бұрқ
етіп қазақ баласы,
Алаңға
қарай ағылды
Таусылып барлық шамасы.
2-оқушы:
Жібердік еркін от басын
Қиянат
жанға батпасын.
Тоқырау
таңын күйретіп
Деп
«Теңдік күні» батпасын!
Жанымыз
жомарт қазақпыз,
Мәңгүрт
боп кете жаздаппыз
Қосайық
басты , бауырлар.
Жанайық
оттай маздап біз.
Жүргізуші: Ата-бабамыз өткен жолға біраз шолу жасап,
қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр
да батыл – менің елім! – деп көңілің көкке көтеріледі.
3-оқушы: 1990 жылы 25 қазанда Республика Жоғарғы Кеңесінің
сессиясында мемлекеттің егемендігі туралы Деклорация қабылданды.
4-оқушы: 1991 жылдың 1- желтоқсанында Қазақстан тарихындағы тұңғыш
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
5-оқушы: 1991 жылы,
16-желтоқсанында қазақ елі Тәуелсіз
Республика болып жарияланды.
6-оқушы: 1991 жылы, 21-желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достық
Одағы құрылды, қазір елімізді дүние жүзі таниды.
7-оқушы: 1992 жылы, 28-қаңтарда Қазақстанның Ата заңы
қабылданды.
Жүргізуші: 1993 жылы маусымның 4-нде Қазақстан Республикасы
Кеңесінің Сессиясы Тәуелсіз елдің басты
нышандары - Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын бекітті.
8-оқушы:
Қазақстан байрағы.
Зеңгір аспан
көгілдір
Алтын күні төрінде
Тамылжытып төгіп
нұр,
Шаттық сыйлар
көңілге
Көк аспандай
көгілдір
Қазақстан байрағы.
Тұрса күндей төгіп
нұр,
Жандарымыз
жайдарлы.
Көк байрақтың
бетінде,
Қыран бүркіт қанатты,
Сол қырандай
еркіндеп,
Бала өседі
талапты.
9-оқушы:
Әнұран.
Әнұраным – жан ұраным
Айтар әнім, сөйле сөзім
Туған жерім – сағынарым,
Жүрсем егер дүние
кезіп.
Бақыт, бірлік – күн
талабы,
Тоқтамайды дабыр
әні.
Мәңгі бақи
шырқалады,
Республика
әнұраны!
Жүргізуші: Біз Отанымыздың осы қасиетті белгілерін
ардақтаймыз, қадір тұтамыз. Аға-апаларымыз сияқты Отанымызды қорғап, Отан үшін
еңбек етіп, Қазақстанның гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз.
10-оқушы: Тәуелсіздік оңайлықпен
келмеді
Бізге
мұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас
көшеде, тас-талқан болып өлгені.
Тәуелсіздік ата-баба арманы.
Қандай елмін, бүгін міне, көр мені!
Алаулайды мүмкін емес сөнбегі.
Жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің
егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желді дауылға айналды.
Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс
құдіретін әлемге паш етті. Солардың бірі Қайрат Рысқұлбеков.
Көрініс: Сот,
Қайрат.
Қайрат: Мен алаңда тәртіпсіздіктің болатынын білмедім.
Мен жиын болады деп ойладым. Жолдас судья, менің адалдығыма сеніңіз. Күзетшінің
өліміне мен кінәлі емеспін.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»
Атам десең атыңдар.
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін
Көре алмай өтермін
Қош, аман бол артымда
Ағайын, қалған ата-анам,
Ел жұртым саған аманат.
Жүргізуші: Ол әділеттің, шындықтың жеңетініне іштей сенді. Қайрат
орысша, қазақша бірдей білетін, өте сауатты, өз ойын ашық айтатын, жігерлі,
отты жігіт еді. 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат
Рысқұлбеков 21 мамыр күні өмірімен қоштасты.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.