№ 92. Тақырыбы: Зат есім туралы түсінікті пысықтау
Мақсаты: Жаттығулар
орындай отырып зат есім туралы алған
білімдерін пысықтау.Тілін, сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үлестірмелер,
арнайы суреттер
Әдісі: сұрақ-жауап,
талдау, өзіндік
Түрі: қайталау.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі:сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 408- жаттығу
ІҮ. Білімдерін тексеру:а/ көркем жазу. Өө Өө Өө. Сөздік диктант. 409-жаттығу кімдер?
нелер? 410-жаттығу мәтінді оқы. Неше бөліктен тұратынын анықта, олар қалай
жазылатынын айт. Екінші бөлігін
көшіріп жазу.Зат есмідерге талдау жасау./Мәтін деген не?, мәтіннің түрлері/
Сабақты қорыту: шығармашылық
жұмыс: (Кім?) балаларды оқытады. ( Не?) жапалақтап жауады. (Кім?) сурет салады.
( Не?) мөңірейді. Үйді (кімдер?) салады.(Кім?) егін егеді. (Кім?) балаларды
емдейді.
Керекті сөздер: сиыр, дәрігер, қар,
мұғалім, құрылысшылар, суретші, егінші.
Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып
жаздыру.
Ү. Үйге тапсырма:1. ережелерді жаттау. бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.