№51. Тақырыбы: Диктант Кекілік.
Мақсаты:
Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру.Сауатты , көркем жазуға
баулу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Диктанттар жинағы
Әдісі:сұрақ-жауап, өзіндік
Түрі: бағалау
Сабақтың барысы:І.
Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа
даярлық
ІІ. Мақсат қою кезеңі.Диктант. Кекілік
ІІІ. Білімдерін тексеру.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?Сөйлем
неден басталады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су
аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? 2)
Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап
оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.
3)Ерекше сөздерді 3 рет қайталап
оқиды.
Кекілік – тауық тұқымдасына жататын құс. Оның түсі көкшіл
сұр болып келеді. Екі бүйірінде көлденеңінен тартылған қатар-қатар қара қоңыр
жолақтары болады. Аяғы мен тұмсығы қызғылтым. Осы реңі оны тас арасынан жөнді
байқатпайды. Олар барлық уақытта
үйір-үйір болып жүреді. (37 сөз.)
1. Қандай мәтін түріне жатады.
2. «к,г» әріптерінің астын сыз.
ІҮ. Сабақты аяқтау. Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.