Главное меню

  • К списку уроков
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулалары
31.07.2013 5629 0

Сабақ №21

Сынып:8

Пән: алгебра

Тақырыбы: Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулалары

Типі: жаңа материалды меңгеру.

Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды «дискриминант» ұғымымен таныстыру, дискриминанттың мәніне байланысты квадрат тендеудін түбірлер санын анықтауды, түбірлердің формулаларын қолданып квадрат тендеуді шешуді үйрету.

2.Дамытушылық: Танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім және оқушы білімнің тереңдігі мен тиянақтылығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Өз білімдерін бағалау.

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.

Сабақ барысы:

I.      Ұйымдастыру: Қызығушылықты  ояту  кезеңі (миға шабуыл стратегиясы)

-         қандай тендеу квадраттендеу деп аталады?

-         қандай жағдайда тендеу толық квадрат теңдеу деп аталады?

-         толымсыз квадрат теңдеулер деп неліктен аталады?

-         толық  квадрат теңдеуінен келтірілген квадрат тендеуді қалай алуға болады?

Ассоциациялау – топтастыру әдісі

II.  Мағынаны ажыртау кезеңі (оқушыларды үш топқа бөлу)

    І топ- кетірілген квадрат теңдеу түбірлерінің жалпы формуласы 1- мысалды талдау.

 

 

 

 

 

 


ІІ топ -  квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын талдау.

                   ІІІ топ. Дискриминант 3-мысалды талдау.

     ІІІ. Есептер шығару.  

        №128(1,3,5,7)  №129 (1;3),  №131

IV. Қорытынды.

Квадрат теңдеу.

Дискриминант

 

D>0

D=0

D<0

Шешімі жоқ

V. Үй жұмысы. №128 (2,4,6,8), №129(2,4), №130

VI. Бағалау.