Главное меню

  • К списку уроков
Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері тақырыбын қорытындылау.
31.07.2013 4091 0

Сабақ №20

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері тақырыбын қорытындылау.

Сабақтың типі: жаңа материалды бекіту 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушылардың толымсыз квадрат теңдеулерді шеше білу бейімділіктерін одан әрі дамыту, алған білімдерін бекіту.  Есеп шығаруға машықтандыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Есептеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды  өз бетінше белсене араласуға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту. Түсіндірмелі сұрақ – жауап. 

                             Практикалық жұмыс.

Көрнекілігі: Кестелер, формулалар, компьютер, бағалау парағы

Сабақтың барысы

1.     Ұйымдастыру.

2.     Үй жұмысын тексеру. №118, №119

3.      Ой-толғау. (оқушылар топқа бөлінеді де сұрақтарға жауап береді)

1-топқа:

1.     Квадрат теңдеу деген не?

2.     Мысал келтір

2-топқа:

3.     Келтірілген квадрат теңдеу деген не?

4.     Мысал келтір.

3-топқа:

5.     Толымсыз квадрат теңдеу деген не?

6.     Мысал келтір.

4.     Кім жылдам?

Есептер жинағынан тапсырмалар беріледі. Оқушылар тақтада орындайды.

1-топқа: №82 (1), №84(1), №86(1), №89 (1)

2-топқа: №82 (2), №84(2), №86(2), №89 (2)

3-топқа: №82 (3), №84(3), №86(3), №89 (3).

               5. Өзіндік жұмыс. (барлық топтарға 1 тапсырма беріледі, соңында дұрыстығын интерактивті тақтада тексереді)

1. а=-2, в=3, с= болғандағы квадрат теңдеуді құр.

2. теңдеуін  түріне келтіріп, а,в,с-ның мәндерін анықта.

3. Теңдеуді шеш.

4. а-ның қандай мәндерінде  және  өрнектерінің мәні бірдей болады?

               6. Қорытынды. Сабақта не үйрендік?

5.     Үй жұмысы. №82 (4), №84(4), №86(4), №89 (4)

6.     Бағалау. (бағалау парағындағы ұпайлар саны саналады)