Главное меню

  • К списку уроков
Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі
15.06.2013 11278 0

№ 15-сабақ

 

Тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі

 

Мақсаты:

        Бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, бірмүшенің коэффиценті, бірмүшенің дәрежесі ұғымдарын енгізу,  оларды есептер шығаруда қолдану;

        жеке  жұмыс  жасауға, жауапкершілікті  сезіне  білуге,  нәтижеге  

           жетуге ұмтылуға,  өзінше  ізденімпаздыққа, еңбекке тәрбиелеу;  

        әр оқушының  үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп                                  орындауына жағдай жасау арқылы оның  қабілетіне сәйкес  жеке  құзыреттілігін дамыту.

.

САБАҚ БАРЫСЫ

I.       Ұйымдастыру бөлімі.

II. Ауызша жаттығулар :

а5а6

( а5)6

- 8 • 1,25

- 2 • (-0,5)

(-1)2

(-1/2)2

(-1/3)2

(-1/2)4• 32

ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа қажктті ұғымдарды анаграмма шешу арқылы табайық.

Анаграмма шешу: 1. ШЕБІМРҮ;  2. РЕЖӘДЕ; 3. ЦИФОНКЭФТЕ

1) m3p         2) 3a2b            3) 3600t            4) 100n

Сұрақ:

  1. Тақтадағы  өрнектер қандай амал арқылы жазылған?
  2. Қандай көбейткіштер арқылы жазылған ?

Бірмүшенің анықтамасы беріледі..

ТапсырмаТөмендегі өрнектер бірмүше бола ма?:

3aba • (-8)a;          a;          4ab2 • 17m3 • a2            3a2 - 7;            a3 : b

IV. Дәптермен жұмыс.

  1. Бірмүшелерге 3 мысал ойлап, жазу;
  2.  -0,125a2(-4b)(-2a) бірмүшесінің  a = 1/2; b = -32 болған кездегі сан мәнін табыңдар

Сұрақ оңай есептеу тәсілі бар ма? Қандай?

- 0,125a2(-4b)(-2a) = -0,125 • (-4) • (-2) • (a2 • a) • b= -1a3 b= -a3b

Егер  a = 1/2, b = -32, онда -(1/2)3 • (-32)= 4

Жауап: 4.

Қорытынды:  мұғалімнің көмегімен бірмүшенің коэффиценті, бірмүшенің дәрежесі, бірмүшенің стандарт түрі қорытылады.

VІ. Оқулықпен жұмыс. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беріледі.

VІI. Жаңа сабақты бекіту.

Тапсырма: тақтаға жазылған өрнектерді пайдаланып кестені толтыр: (интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалануға болады)

- 5x2 7yx;  a+3b3 • b2;  aabbb;  -x3; 2 ab+c-4;  (-1/4)2bab3; -; -

 

Бірмүше

Бірмүшенің

стандарт түрі

Бірмүшенің

коэффициенті

Бірмүшенің

дәрежесі

 

 

 

 

 

 

 

Есептер шығару:

а)№88( ауызша)

б) №89 (2,6) тақтаға шығарылады.

в) №90(1,4,7)  (өз беттерімен орындайды. жұптық тексеру)

 1. Бірмүшені стандарт түрде жазыңдар:

а) 16xy(-0,25)y3                             б) -0,5ac2(-2)a3c                 в) 3/4 • a2b • 4a3b2m • (-0,25abm3)

2. Өрнектің сан мәнін табыңдар:  а) 3,5x2 егер x = -1       б) -0,02aca2 егер a= -1, c= 5

VIII. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Үйге тапсырма     №89, 90

Х. Бағалау