Главное меню

  • К списку уроков
y=k/x функциясы және оның графигі
15.06.2013 11591 0

№12 –сабақ

 

Тақырыбы: y=k/x функциясы және оның графигі

Мақсаты:

         y=k/x функциясын кері пропорциональдық ұғымымен байланыстыра отырып түсіндіру; қасиеттерін  оқып үйрену және графигін салу;

         Салыстыру, сараптама жасау арқылы алған білімді жүйелеу, жалпылау, қорытынды жасауға баулу;

        Ұқыптылыққа, байқампаздыққа, өз бетімен жұмыстануға тәрбиелеу.

 

Сабақ жоспары:

1.      Ұйымдастыру бөлімі.

2.      Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Ауызша жаттығулар
  2. Жаңа сабақ
  3. Сабақты бекіту.  Деңгейлі өзіндік жұмыстар
  4. Сабақты қорытындылау
  5. Үйге тапсырма.
  6. Бағалау.

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру бөлімі: Сынып оқушылар 4 топқа бөлініп отырғызылады. Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  69(2),  №70(1),  №71, (№72 (2,4), 74(2).

 

ІІІ. Ауызша жаттығулар1)Төмендегі функциялардың анықталу облысын табыңдар: y=x2+8,         y=x-7,             y=4x-1/5             y=2x,            y=7-5x,     y=2/x,       y= -10/x

2. Графиктеріне қарап, функцияны атаңдар. Графиктер проектор арқылы тақтаға түсіріледі

 Соңғы функция туралы не білеміз? Неге  қиындық туғызды? Деген сұрақтарға жауап іздей отырып, жаңа сабаққа көшеміз.

ІV. Жаңа сабақ. Алгоритм  бойынша жұмыстанайық:

  1. Әр топқа y=5/x, y= -5/x, y=8/x, y= -8/x функция беріледі. Олар өз кезегінде  x және  y үшін кесте толтырады.
  2. Кесте бойынша (x;y)  координаталық жазықтықта сәйкес нүктелерді қосып график  саламыз.
  3. Енді төмендегі сұрақтарға жауап береміз:

- Функцияның анықталу облысы? (x  0-ден өзге );
- функция графигі  (0;0) нүктесі арқылы өте ме? (жоқ);
- функция графигі  OY және OX осьтерімен қиылыса ма? (жоқ).
 тұрғызылған графиктерді салыстыра отырып, әр топ өз қорытындыларын айтады,

- график координаталар басына қарағанда симметриялы;

- Егер k>0, онда график  I және III ширекте, ал k<0, болса II және  Ivширектерде орналасады.

Мұғалім: Пайда болған график  гипербола деп аталады. Грек тілінен аударғанда  " бір нәрсе арқылы өту деген мағынаны береді Қысқаша тарихи мәлімет беріледі.

V. Деңгейлі өзіндік жұмыстар

I нұсқа. Берілген кестені пайдаланып y= - 6/x функциясының графигін салыңдар

x

- 6

- 4

- 3

- 2

1

2

3

4

6

y

+ 1

+1,5

+ 2

+ 3

- 6

- 3

- 2

- 1,5

- 1

II нұсқа. Кестені толтырып,  y=16/x функциясының графигін салыңдар.

x

- 8

- 4

- 2

- 1

1

2

4

8

y

 

 

 

 

 

 

 

 

III нұсқа.  Кесте құрып,  y=10/x функциясының графигін салыңдар.

Жұмыстар  эталон бойынша тексеріліп, қателіктер түзетіліп сараптама жасалады.

VІСабақты қорытындылау. Рефлексия

VІІ. Үйге тапсырма. № 78, №80, №81(3,4)

VІІІ. Бағалау.