Главное меню

  • К списку уроков
у=ах 3 функциясы және оның графигі
15.06.2013 8430 0

№10-сабақ

 

Тақырыбы:   у=ах 3 функциясы және оның графигі

 

Мақсаты:

        y=аx3 функциясы  ұғымымен танысу, оның графигін тұрғыза білуге үйрету, оның қасиеттеріне  тоқталу;

        көру, есте сақтау, кеңістікті қабылдауын,  логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

         өз бетімен жұмыстануға, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ жоспары:

1.      Ұйымдастыру бөлімі.

2.      Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Өткен тақырыпты қайталау тапсырмалары
  2. Жаңа сабақ
  3. Сабақты бекіту
  4. Сабақты қорытындылау
  5. Үйге тапсырма.
  6. Бағалау.

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру бөлімі: Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.

 

      ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 61, 62 (тақ нөмірлі)

 

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау тапсырмалары

 1-тапсырма. ( Ауызша)

Функциялар қалай аталады?, Функция графиктерінің координаталық ширектерде орналасуы?  у=3х-5, у=6, у=-7х,   у=8х 2,  у=   -х 2  ,    у=-3  , у=-х

2-тапсырма

 у = ах 2  функциясының қасиеттерін атаңдар:

анықталу облысы;

мәндерінің обласы;

өсу, кему аралығы;

парабола төбесі

 

ІV. Жаңа сабақ

Жаңа сабақты меңгерту жоспары:

1.  у =х 3 ұғымын енгізу. Есеп қабырғасы  5 см болатын кубтың көлемін табу.(v=53)

Егеркубтың қырын  х арқылы белгілесек, онда кубтың көлемі оның қырына тәуелді болады. Бұл тәуелділікті       у =х 3  функциясы деп белгілейік.  

2. у =ах 3 (а=1) функциясының графигімен танысамыз және оны тұрғызуды үйренеміз. Ол үшін қадамы 0,5 болатын мәндер кестесін толтырамыз.    (оқушылар кестені өз беттерімен толтырып, оқулықтың  25- бетіндегі кестемен тексереді)

3. кестедегі мәндері бойынша нүктелерді саламыз. Нүктелерді қосамыз. Сонда  у=х 3 функциясының графигін аламыз . Бұл график кубтық парабола деп аталады.График бойынша оқушылар   у=х 3  функциясының қасиеттерін тұжырымдайды.  

Енді у= ах 3  функциясының графигінің а-ға байланысты орналасуы нақтыланады.,

 

 

 

V. Сабақты бекіту

 

1) 27-беттегі сұрақтарға жауап беру.

2)  у =2х 3 у =-2х 3 у =х 3 у =-х 3 функцияларының графиктерін салу.

 3) Қайталау есептері №66(1),№67(3)

 

VІ. Сабақты қорытындылау.  

 

VІІ. Үйге тапсырма № 66(2), №67(2)

 

VІІІ. Бағалау.