Аялай біл,сен деп соққан жүректі
Меркі ауданы
Мақсаты:
Жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар)
сыйлауға, құрметтеуге үйрету.
Міндеттері:
-
адамдардың
бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;
-
жаныңда
жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
-
жаныңда
жүрген жақын адамдарды сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сәлеметсіңдерме оқушылар! Бүгін мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Біз
бүгін «Аялай біл сен деп соққан жүректі» тақырыбы аясында жаныңда жүрген жақын
адамдарды, отбасындағы ата-анаңды, туған-туысқандарыңды сыйлауды, құрметтеуді
үйренеміз.
Балалар, өмірде біз үшін ерекше жүрек соғысы бар адам кім деп
ойлайсыңдар?
-Ана.-
-Әрине ана. Олай болса,
балалар мен сендерді Ш.Қалдаяқовтың «Ана
туралы жыр» әнімен шаттық шеңберіне шақырамын.
Енді орнымызға отырып жайғасайық.
Сабақ барысы: Әңгімелесу
Слайд: «Ойланайық, пікірлесейік»
Ал енді балалар,
«Ойланайық, пікірлесейік» айдарына назар аударып, мынадай сұрақтарға жауап
беріп көрейік:
-«Аялау», «қадірлеу» деген сөздерді
қалай түсінесіңдер?
-Айналаңдағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыңдар
ма? Қалай?
-Өзің жақсы көрген адамың саған немқұрайдылық танытқан кездері болды ма?
Сол кезде не сезіндің?
-Өзіңе « мейірім-шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім?» – деген
сұрақ қойып көрдің бе?
-Адамдар саған «рақмет» айта ма? Ал өзің ше?
Енді сендердің берген жауаптарыңды тереңірек қарастыру мақсатында «Жаңа ақпаратқа» көңіл бөлейік:
Слайд: Жаңа ақпарат
Жаныңда жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізе білу. Айнала қоршаған
адамдар, отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар арасындағы сыйластық, құрмет.
Адамдардың бір-біріне мейірім-шапағаты.
Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне білу, оларды аялай білу. Әрбір
қарым-қатынасты ізгі ниетке құрған жағдайда ауызбіршілік сақталып, жүректер
үйлесімділік табатыны сөзсіз.
-Сендердің берген жауаптарыңмен жаңа ақпаратты түйіндей келе толық
келісемін.
Слайд: Мәтінмен жұмыс
Олай болса, енді Разы Ақдемірдің «Ана махаббаты» атты
әңгімесін тыңдайық.
Ана махаббаты
Үйдің ең әдемі жері үстіңгі қабаттағы бөлменің
терезесі еді. Ол жерден бүкіл көше және қаланы қоршаған таулар тамаша
көрінетін.
Ана күнде кешке қарай балалары мен күні ұзақ
жұмыста жүрген ерін де әдетінше сол жерде қарсы алатын. Алыстан олардың
төбелері көрініп, үйге жетер-жетпестен қуанышпен амандасатын. Ана кемтар еді.
Көп жылдардан бері аяқтары сал болып, науқастан жүре алмай қалған-ды. Бірақ
сонда да көзі балаларының үстінен түспейтін, киімдерінен кішкене бір дақ немесе
аяқ киімдерінен батпақ ізін көрсе шыр-пыр болатын.
Балаларының оған ықылас бөліп, бірге кезген
серуендерін, тыңдаған әуендерін және оқу жағдайларынан естіген сайын көздері
жанып, оларды шын көңілімен тыңдайтын. Әсіресе балалары өрісте жайылған
сиырларды және бір күні күтпеген жерден алдарынан шыққан қоянды көргендерін
түсіндірген кезде ана өзін сондай бақытты сезінетін…
Бір күні әкесі балаларына: «Келесі жексенбіде бір
қалашыққа кетеміз. Ол жерде біраз жұмыстарым бар.
Таңға жуық пойызбен жолға шығып, кеште қайтып
ораламыз», – дейді. Балалар қуанғандарынан қолдарын шапалақтап жібереді. Бұл
өзен жағасында демалып, көңіл көтеру. Бірден нелер алатындарын ойланды…
Арқаға асатын сөмке, құтылар, футбол добы, аспалы
тор төсек… Басқа да біраз нәрселер… Балалар өзара қызық әңгімеге кірісіп кетті.
Ана бір күн бойына үйде жалғыз қалатынын ойлағанда көңілі құлазып, мұңайып
қалды. Іші пысқаннан өзін алдаусыратып терезе жанына отырып, қанша кітап оқыса
да, уақытын өткізе алмайтынын түсінді…
Шіркін, балаларының бірі жанында қалса ғой. Бірақ,
ана ешнәрсе демеді. Себебі балаларының көңіл күйін бұзуға хақы жоқ еді.
Түстен кейін анасының жанында отырған кіші ұлы бір
кітап оқып берді. Анасы да ұлының қате оқыған сөздерін қайталап, көмегін
тигізуде.
Біраздан кейін кіші ұлы оқып отырған кітабын қоя
салып, кенеттен есіне бір нәрсе түскендей анасының кеудесіне басын қойды,
кішкене қолдарын мойнына асып:
– Анашым, – деп сыбырлады. – Мен жексенбі күні сенің қасыңда қалғым келеді.
Бірақ ешкімге айтпай-ақ қойшы, жарай ма.
Анасы ұлын аймалап:
– Жарайды, ұлым. Сенің бұл шешіміңе ризамын, жексенбі күні ішім пыспайтын
болды, – деді.
Келесі күні таңертең кішкене қызы ас үйде жұмыс істеп жүргенде қолайсыз бір
жағдай болды. Айша жуған табағын сүртемін дегенде, жерге түсіріп, сындырып
алды. Өзі де қатты қобалжыды, бұны анасы да көріп тұр еді, қызына жақындап:
– Жаның аман болсын, қызым. Шкафта басқа да табақтарымыз бар, – деп
күлімсірей сөйледі.
Кішкене қыз анасының бұл сөзіне қатты қуанды. Үйінен оқуға шығар алдында:
– Анашым, білесің бе, жексенбі күні мен үйде қаламын. Бірге болайықшы. Бір-ақ
ешкімге айтпа, – деді.Ана кешке қарай бөлмесіне барып, тігін тігіп жатқан.
Үлкен ұлы ішке кірді. Жан-жағына қарап, ұялып әрлі-берлі жүрді. Бір нәрсе
айтқысы келген сияқты. Бірақ ешнәрсе айтпады.
Анасының:
– Балам, бір жағдай болды ма? – деп сұрауына тура келді.
– Не ғой… Бір ойыншық ұшақ жасап жатыр едім… Мен жексенбі күні үйде қалып,
соны бітірсем бола ма? Басқалары барсын. Мен үйде сенің жаныңда қалсам. Қалай
қарайсың? Бірақ мұны әкем де, бауырларым да білмей-ақ қойсын-шы.
Осындай мейірбан және түсінігі мол балаларының барлығына қуанған ананың
көздеріне жас толды.
Кешке барлық болған жағдайды балаларынан құпия түсіндірген кезде, әкесі:
– Жексенбіде басқаша демалармыз. Фабриканың иесімен сөйлесіп, жолға бір
машина алармын. Отыратын төрт кісілік орын бар. Үлкен ұлына қарап, сен
жүргізушінің қасына отырсаң, бәріміз де сиямыз. Сен де барасың біздің
ұсынысымызға не дейсің? – дейді.
Ана қол шапалақтап қуана келісім берді. Олар сол жексенбіні шынында да өте
тамаша өткізді. Олар осы бір демалыс күнін жылдар бойы ұмытпады.
Сендерге мәтін түсінікті болды ма?Түсінікті болса төмендегі сұрақтарға
жауап берейік.
Сұрақтар:
- Балалардың саяхаттан бас тартуының себебін қалай түсіндірер едіңдер?
- Егер сен осы балалардың орнында
болсаң не істер едің?
- Отбасындағы жарасымдылық сыры
неде?
Дүниеге бала әкеліп, оны
азаптанып өсіріп,енді соның қызығын, қызметін көре алмай, тірідей суынып,
қайырылмай кеткен баласын аңсай-аңсай дүниеден өткен кәрі әке-шеше қайғысынан
артық қайғы бар ма?
Олай болса мына бір бейнекөрініске назар
аударайық.
Бейнекөрініс.
- Балалар, осы бейнекөріністен алған
әсерлерімізбен бөлісейікші.
- Оқушылар
өз ойларын ортаға салады.
Міне балалар, Абай атамыз айтқандай «Баланың жақсысы –
қызық, жаманы – күйік», - дейтіні осыдан шығар.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние
кезек. Сен өмір бойы жас болып
тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң,
сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
Сондықтан әрқашан мейірімді болуға талпынайық.
Бүгінгі сабақта игерген
құндылықтарды қортындылау мақсатында Альфред
Адлердің төмендегідей қанатты сөзін талқылайық.
Слайд:
Дәйексөз
. -«Өзінің
айналасындағы жора-жолдастарының,бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған
адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді»
- Балалар, осы дәйексөздің мағынасын
қалай түсінесіңдер?
-. Өз пікірлеріңді білдіріңдер
Слайд: Өзіммен-өзім
-Балалар, өз жүректеріңді алақандарыңмен баса отырып, көздеріңді жұмып, ұлы
педагог Сухомлинский айтқан мына бір тамаша сөздерді жүрек лүпілінің соғысымен тыңдаңдар:
«Ата-ана жүрегінің лүпілін
сезе біл,олардың жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты,бақыт пен қуаныш
сәулесін,беймазасыздығы мен әбігерленуін,қиналысы мен кейістігін көре
біл.Ата-ананың көзінен оның жан-дүниесін көре білуге жастайыңнан үйрен»
Ал енді балалар, көздеріңді ашып, бүгінгі сабақта қандай көңіл-күйде,
қандай сезімде отырғандарыңды айтыңдар.
Оқушылар жауабы:
Жағдаяттарды
шешу.Сұрақтарға жауап беру.
1.Саят өз ата-анасын басқа балалардың ата-анасымен көп салыстырады.Кейде
саяттың өз ата-анасына көңілі толмай,реніш білдіретін кездері де болады.
Саяттың іс-әрекетін қалай бағалайсың?
Саятқа қандай кеңес берер едің?
2.Сыныптағы досыңның анасы қатты ауырып қалды,ал сендер болсаңдар,қала сыртына
саяхатқа билет алып қойғансыңдар.Не істер едіңдер?
Саяхаттан бас тартасыңдар ма?
Достарыңа қандай көмек ұсынасыңдар?
Жағдаятты талқылаудың мақсаты- оқушылардың айнала қоршаған ортаға,адамдарға
түсіністікпен қарауға,өздерін өзгелердің орнына қоя білуге үйрету.Жақындарына
құрмет,жанашырлық сезімдерін туғызып қана қоймай оның бекуіне жағдай жасау.
Слайд:
Өзіммен-өзім
-Балалар, өз жүректеріңді алақандарыңмен баса отырып, көздеріңді жұмып, ұлы
педагог Сухомлинский айтқан мына бір тамаша сөздерді жүрек лүпілінің соғысымен тыңдаңдар:
«Ата-ана жүрегінің лүпілін
сезе біл,олардың жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты,бақыт пен қуаныш
сәулесін,беймазасыздығы мен әбігерленуін,қиналысы мен кейістігін көре
біл.Ата-ананың көзінен оның жан-дүниесін көре білуге жастайыңнан үйрен»
Ал енді балалар, көздеріңді ашып, бүгінгі сабақта қандай көңіл-күйде,
қандай сезімде отырғандарыңды айтыңдар.
Оқушылар жауабы:
Шығармашылық тапсырма:
Сен өз жақындарыңды қалай қуантар едің?
Слайд:
Жүректен-жүрекке.
-Балалар,менің қолымда кішкентай ал
қызыл жүрек бар.
Бұл жүрек мейірім мен шаттыққа толы. Осы мейірімге және шаттыққа толы
жүрекпен бір-бірімізге арнап тілек
тілейік.
Бүгінгі сабағымызды Қайрат Нұртастың «Әкелер» әнімен аяқтайық.
Отқа түстің,суға түстің мен үшін
Енді міне бағың берді жемісің
Бала қыран шыңға шықса бұл күнде,
Мұның бәрі әке сенің жемісің
Анашымды отырғызып жаныңа,
Той берейін салып
алақаныма
Әй адамдар шүкіршілік
етіңдер
Мына өмірде әкелерің
барына
Тек әкелер сендер ғана
ылайықсың
Хан сарайы патша тағына
Алатаудай қадірін білесің бе?
Арманыңмен ұлдарың жүр өсуде
Алтын шапан кигізсем де-ақ саған
Айтшы әке не істей алам сен үшін?
Балалар,бүгінгі сабаққа атсалысып қатысқандарың үшін барлықтарыңа көп-көп
рахмет.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.