«Көмектесе білейік»
Ақшолақова А
Байзақ ауданы
Н.К.Киікбаев атындағы орта
мектебі
Мақсаты: «Қамқорлық»
ұғымының адамгершілік құндылығы
ретінде маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
-
мейірімділік,
адами қасиеттері мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беру;
-
Қамқорлық
жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту;
-
Қайырымды,
жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер:
әңгімелесу, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, ойын, сұрақ-жауап, интерактивті әдіс,
көрініс.
Көрнекі құралдар: үлестірмелі карточкалар, кесте
парағы, конверттер, плакат, шарлар, желім, қағаздан жасалған гүл себеттері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері»
Балалар мұғаліммен бірге шеңберде тұрады.
Мұғалім: - балалар, міне «Өзін-өзі тану» пәнінің
кезекті сабағы да келді. Сіздерді осы сабақта көргеніме әрқашанда қуаныштымын.
Осындай қуаныш сіздерде де болсын деп, көңілді сәлемдесуге шақырамын. Шеңбер
бойынша мұғалім қасында отырған оқушының
алақандарына өзінің алақандарын қойып, оның атын және бір сипатын айтады. Мысалы: әдемі – Айгүл.
Енді осы
оқушы келесі оқушының алақандарына өз алақандарын қойып, оның аты мен
сипатын айтады. Осылай соңғы оқушыға дейін тапсырма орындалады. Соңында барлығы
бірге ортаға қолдарын созып «Сәлем» - деп хормен айтады.
ІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім:
-
Балалар,
біз осы уақытқа дейін «Өзін-өзі тану»
сабағында қандай жақсылық, құнды қасиеттер туралы өттік? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
-
Жарайсыңдар,
балалар!
-
Бүгінгі
біздің өтетін тақырыбымыз осы құнды қасиеттердің бірі.
-
Олай
болса назарымызды телеэкранға аударып, мына мультфильмнен үзінді көрейік.
(мультфилм біткен соң)
Мұғалім: Балалар, бұл жерден қандай құнды
қасиеттерді көрдік?
-
Балалар,
балалар үйіне неліктен ойыншықтарын
жинап бергісі келді?
-
Сіздер
көмек дегенді қалай түсінесіздер?
Мұғалім: Балалар, егерде бір бала әженің ауыр сөмкесін көтеріссе,
құлап қалған баланы демеп жіберсе, анасымен бірігіп еңбектенсе – осының
барлығын не деп атайды?
(оқушылардың жауабы тыңдалады)
Мұғалім: Әрине бұл жағдайлардың бәрін көмектесу
деп айтамыз.
Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы «Көмектесе
білейік» деп аталады. Олай болса 5 сынып оқушыларының сіздерге дайындаған
«Жақсылыққа-жақсылық» деген көрініске назар аударайық.
Сахналау «Жақсылыққа -жақсылық»
Нұсқау: 5
сынып оқушыларын қатыстыру арқылы
алдын-ала «Жақсылыққа-жақсылық атты» әңгіме бойынша сахналық көрініс
дайындалып, балаларға көрсетіледі.
Рөлдерде: Анасы – Жұлдызай
Баласы – Бекзат
Атасы – Оралбек
Апасы – Айсана
Ойын. «Көмектесе білейік»
Балалар шеңбер құрып тұрады. Ойынның шарты бойынша
мұғалімнен допты қағып алған бала өзінің берген көмегі туралы (қолғабыс болсын,
сөзбен көмек болсын, ақыл айту көмегі болсын) айтуы қажет екенін түсіндіреді. Мұғалім өз
тарапынан көрсетілген «көмек» туралы айтып, «Мен сіздерге оқуға көмектесемін»
айтып бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала өз тарапынан
көрсетілетін көмек туралы айтып келесі балаға допты лақтырады. Ойын осылайша
жалғаса береді.
Келесі
тапсырманы орындау үшін мұғалім балаларға «Жанұядағы көмек» «Дотық көмек»,
«Өз-өзіне көмек» деп жазылған карточкалар таратылады. Дәл осылай карточкалар үш
партаның бетінде болады. Сонымен балалар карточкадағы жазумен өз парталарын
тауып, үш топқа бөлінеді.
Тапсырма: «Көмектесе білейік»
Нұсқау: Әр топтың алдында кесте парағы және жұмыс
конверті жатады. Кесте шеңбер мен одан тараған 5 сызықтан тұрады.
Шеңберлерде «Жанұядағы көмек», «Достық
көмек», «Өз өзіме көмек» деген көмектесудің түрлері жазылған. Ал, конверттерде
тақырыптағы қатысты сөздер карточкаларда жазылып, араластырылып беріледі.
Топтар берілген 5 минуттың ішінде ақылдасып, өз тақырыптарын ашатын сөздерді
тайып, шеңбердің айналасына жабыстырады.
«Жанұядағы көмек»
деген конвертте: өзімнен кейінгі іні-қарындастарымды ойнатамын, анама
көмектесемін, бос уақытымда кітап оқимын, ыдыс жуғанды жақсы көремін, гүлге су
құямын, далада көп ойнаймын, сабақтан бестік баға алып ата-анамды қуантамын,
ата-анамды тыңдаймын.
«Достық көмек» деген
конвертте. Досыммен жиі ұрысамын, досым екеуміз қиын сабақты бірге оқимыз,
достарыммен әрдайым тату жүремін, достарымды жақсы көріп, сыйлаймын, жалғыз
ойнағанды жақсы көремін, достарым көп болғанын қалаймын, досыма қиындықта
көмектесуге дайынмын.
«Өз-өзіне көмек»
деген конвертте. Әрдайым дене шынықтырумен айналысамын, бос уақытымды тиімді
пайдалануға тырысамын, азанда салқын сумен шайынып, тісімді жуамын, киімімді
тазалаймын, өтірік көп айтамын. Кітапты көп оқимын. Соңында әр топтан бір оқушы жұмысты қорғайды,
талдау жасалады.
Сұрақтар:
-
айналаңыздарға
көмек көрсеткенде сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай болды?
-
көмек
алған адамдар не сезінеді?
(оқушылардың жауаптары)
Жүректен-жүрекке
Әр оқушының орындығында алдын-ала дайындалған
газдалған шар ілініп тұрады. Алдарында қағаздар қиылған көбелектер мен
көгершіндердің суреттері тұрады.
Мүғалім:
-
Балалар
бүгін біз сабақты достық, қамқорлық, көмек, жақсылық туралы
тапсырмалар орындадық. Болашақта өз
мемлекетіміздің көркейіп, өсуіне қандай тілектер айтасыздар... Соны көбелектер
мен көгершіндерге жазып, шарға байлаңыздар. Сіздер кішкентай, таза
періштесіздер. Сіздердің айтқан тілектеріңіз әрдайым орындалады. Олай болса осы
жазғандарыңызбен осы отырған ағай,
әпкилердің қолдарынан ұстап, мектеп алаңына
шығып, сіздердің жазған тілектеріңізді бүкіл әлем хабардар болсын,
көрсін деп көк аспанға ұшырамыз.
Келген қонақтар мен оқушылар шеңбер бойымен қол ұстасып тұрып, «Дос болайық
бәріміз» атты өлең орынладалы.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.