«Ер жігіт әдебі»
Нұрлыбекова С. Ш
Талас ауданы
А.С.Пушкин атындағы орта мектеп
Кіріспе: Егер әрбір
жаңа ұрпақ дүниеге келісімен, барлық материалдық және рухани байлықтарды жаңадан жасап алатын болса,
өндіріс құрал – жабдықтары мен өндіріс
тәсілдерімен және адамдардың әлеуметтік
тәжирібиелерімен, әдеп –инабат пен мінез -*құлық сипаттарын қайтадан
қалыптастырып отырса, онда қоғамда ешқандай дау болмас еді. «Өлең бір басқа,
өмір бір басқа» - демекші әрбір келер ұрпақ өзіне дейінгі аға буынның қателігін түп – түгел ескеріп, мүлдем қателік жасамай, өзі де
өкінбей, өзгені де опындырмай өссе қайтеді.
Сыныбы: 9 «А», 9 «Б» ұл
балалар
Сабақтың мақсаты: білімді, мәдениетті, шығармашылық белсенді
және азаматтық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
·
Оқушылардың
танымдық әрекеттерін және қызығушылықтарын анықтау.
·
Оқушылар бойындағы жағымсыз қылықтарды анықтап, оны
болдырмау;
·
Оқушыларды мәденеиеттілікке тәрбиелеу.
Мақсаты:
Оқушылардың өз бойларындағы қасиеттерін,
қажеттіліктерін қаншалықты деңгейде бағалауы және тренинг барысындағы көңіл –
күйлерін анықтау.
Нұсқау: Оқушыларға гүл күлтешелері таратылып беріледі,
олар әр күлтеге өз бойларындағы ең құнды деген құндылықтарын жазады. Жазылған
құндылықтарды жүректеріне басып 2 секунт отырғаннан соң, өздеріне қажетсіз деп
тапқан бір күлтені жыртып тастайды.
Оқушылардың қандай көңіл – күйде
болғандығын сұраймын. Тағыда 2 секунт өткеннен соң тағы бір
күлтені жыртуын сұраймын. Осылай жалғасын тауып соңында ең соңғы құндылығы
қалғанда онымен де қоштасуды талап
етемін сондағы оқушының көңіл – күйі,
қалай әсер еткендігі сұралады.
Сабақ барысы : Алдымен
оқушыларға әдептілік туралы түсінік
беріп өтемін. Әдептілік - адамның өзімен
бірге өсіп, жетіледі, оған айналасындағы адамдар, қоғам, отбасы, мектеп т.б.
әсер етеді. Сондықтан адамның
әдептілігіде оның адамдар
арасындағы жүріс – тұрысынан, басқалармен қарым – қатынасынан көрінеді.
«Біз бойымыздағы әдеп
сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек
адамдардың ілтипатынан оп – оңай
айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді.
Және өкінішке орай, ұрпақтарын осы ауыр
зияннан құтқара алмай –ақ келеді.»
/И.Гете/
ОЙЫН:
Жайық өзенінің алыстағы
"Әдеп” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен
гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың
кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал
олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы
адамдарды апат зардабынан құтқару үшін
көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз
жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек.
Әдеп жағалауына қай топ
бірінші болып жететіні бақылайық.
I. Ер жігіт туралы мақал мәтелдерді аяқтау.
·
Ер жігітке бақ қонса - дұшпаны да
жағалар,
Басынан бір күн бақ тайса -
жабылып бәрі табалар.
·
Аққу
құс - көлдің көркі, ер жігіт - елдің көркі.
·
Ер жігітке бақ қонса - дұшпаны да
жағалар,
Басынан бір күн бақ тайса -
жабылып бәрі табалар.
·
Жігіттің үш жұрты
болады: өз жұрты - күншіл, қайын жұрты міншіл, нағашы жұрты - сыншыл.
Талдау: Екі топқа
әдептілікке кері әсер беретін өлең
жолдары оқылып, оқушылар өздеріне
берілген өлең жолдарын талдап, нені
түсіндіргісі келген мақсатын ашулары тиіс.
Тұрмақ болды, - тұра алмады орнынан,
Тыраң асты көтеремдей болдырған.
Қарап тұрсаң, көз тоймастай ер еді,
Алтын басын арақ қалай қор қылған, -
* * *
Кіші пейіл болғаннан,
Кішірейіп кетпейсің.
Өр көкірек болғаннан,
Ұлылыққа жетпейсің.
Топтың ерекшелігін көрсету: Мақсаты: Досыңның
атын жаз және досыңа лайықты,
бойынан көрінетін жақсы қасиеттерді жаз.
Сиқырлы
балықтар әлемі: /қабілеттілігіңді көрсет!/
Нұсқау: Балыққа жазылып
берілген тапсырманы оқып шығып, өз ойыңмен ары қарай жалғастыр.
- Адамдарды немесе
заттарды саусағыңмен нұсқап көрсетпе ....
- Көшеде жүріп бара
жатып, тамақтануға болмайды .....
- Жолға шыққанда соған
лайықтап киін .......
- Біреудің бөлмесіне
немесе кабинетіне сыртқы киіммен кірме .....
Демалу: АРТ терапия
Нұсқау: Жаймен музыка
ойнап тұрады оқушылар «Әдептілік» тақырыбында сурет салады. Салған суреттері
бойынша түсіндірме жасайды.
«Ойлау»
Екі топқа алдын
ал дайындалған салт – дәстүрге байланысты сұрақтар беріледі. Оқушылар сұраққа
жауап беріп, талдау жасайды.
I
-топқа
•
Жеті
атаңды ата?
•
Жігіттерге
лайықты ұлттық ойындарды ата?
•
Ержігіт
мінез – құлқы қандай болуы керек?
II -
топқа
•
Ат
әбзелдерін ата
•
Отбасындағы
әкенің рөлі қандай болу керек?
•
Ержігіт
ананың ақ сүтін ақтау дегенді қалай түсінесің?
Тренинг: «Мақсатқа жетуге талпыну»
Жүргізілуі: 1
–ші топ оқушылары мақсатқа жету жолындағы қамал болса, II-ші топ оқушылар сол
қамалды қалайда бұзып кіріп мақсатқа
жетуші болады.
Қорытынды:
«Әдепті бала - арлы бала»- демекші
оқушылардың бойындағы әдептілік қасиетті ояту, әдептілік туралы білімдерін тереңдету, азаматтық құндылықтары
толыққан ержігітті тәрбиелеуге жол аштық. Ер жігіт әдеп нормаларын сақтау
жолдары мен ерекшеліктерін өз-ара талқылып, таладау жасау арқылы сараптама жасау жұмыстары үйлесіп тауып отырды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.