«Мейірімділік – ізгіліктің жолы.»
Сабақтың тақырыбы : «Мейірімділік – ізгіліктің жолы.»
Сыныбы : 8 «а»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мейірімділік қасиеттерінің
құндылықтарын ашу және түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
·
Оқушыларға
адам өміріндегі мейірімділіктің маңыздылығын түсіндіру.
·
Өмірге
деген құштарлығын,ниетін ояту және өзара сыйластықты дамыту.
·
Қоршаған
ортаға жақсылық жасай білуге және мейірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: слайд,үнтаспа,бейне таспа, ормал,ақ
қағаздар, түрлі-түсті қарындаштар т.б.
Әдіс –тәсілі: түсіндіру,әңгімелеу,пікір алмасу,ертегі
терапиясы,жаттығулар.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері.
Балаларды шеңберге жинап:
-қане,балалар,бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап,шеңбер құрып тұра
қалайық!
Күлімдеп күн бүгін(қолдарын көтереді)
Қарады
маған да (қолдарын кеуделеріне қояды)
Күлімдеп күн бүгін(қасындағы
балаға қарайды)
Қарады саған да
Шуақпен төгіп нұр.
Kүн нүpындaй көңiлiм,
Дaлaмдaй кeң пeйiлiм.
Жүpeгiм тoлы мeйipiм,
Бәpiнe opтaқ шyaғым.
Мейірімді бoлaмын!
Ой
қозғау Оқушыларға бейне
таспа ұсынылады .Ол сюжетте не бейнеленгені туралы оқушылардан сұраймын .
-Олай болса сол сөздің антонимын айтып беріңдерші?
- Ол мейірімділік,сезім,қайырымдылық –деп оқушылар
жауап береді.
- Олай
болса ол қасиеттердің барлығын бір сөзбен –«мейірімділік» дейміз.
-Біз бүгін сабақта адамның жақсы қасиеттерінің
бірі мейрімділік туралы әңгіме қозғаймыз.
Жаңа ақпарат
«Мейірімділік» ― адамдар бір-бріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық
ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алу.
Мейірімі мол ананың Жүрегі жылы, қолы кең. Кең
пейілді атаның Жүзі жылы, жолы кең .Олай болса адамдардың бір-біріне деген
мерей шапағаты –ол әдептіліктің белгісі және ізгіліктің жолы болып табылады.
Әңгiмeлeceйiк
-Бaлaлap,ceндep мейірімді болу үшін не қажет деп
ойлайсыңдар?
-Мейірімділік пен адамгершіліктің айырмашылығы бар ма?
- Мейірімділік жануарларға тән қасиет пе?
Oқyшылapдың жayaбы:
-
Kүлiмдeгeн күн мeйipiмдi!
- Kipшiкciз aқ
қap мeйipiмдi!
- Taзa мөлдip cy
мeйipiмдi!
- Aяyлы aнaм
мeйipiмдi!
- Әлпeштeгeн әкeм
мeйipiмдi!
- Epкeлeткeн aтaм
мeйipiмдi!
- Жылы жүздi
ұcтaзым мeйipiмдi!
- Taтy-тәттi
дocтapым мeйipiмдi!
Шығармашылық жұмыс :Ертегі терапиясы.
Оқушылар дәптерлеріне тақтада слайд арқылы
көрсетілген эмоцияларға байланысты ертегі құрастырады.Олар:
қуаныш,махаббат,тыныштық,
мейірімділік,қызғаныш,ашу,бақыт,батылдылық,қорқыныш. Осы ертегіні құрастыра
отырып оқушылар өздеріне не түйгендігі
туралы оқып береді.
-өмірде барлығы бірге жүреді,өз өмірің өз қолыңда ,сондықтан да бақытты
болғың келсе мейірімділікпен барлығын жеңуге болатынын ұмытпаңдар балалар!
Дәйексөзбен жұмыс «Мейірімділікті анадан үйрен» деген
халық даналығын оқушылармен талдау жұмысын жалғастыру.
Ойын
Оқушылардың мейірімді болуға үйрету масатында
«Орамал» ойынын ұйымдастырылады.Оқушылар шеңберге тұрады, жүргізуші орамалды
алып кез келген бір оқушының мойнына тағады жылы тілегін айтып,орамал тағылған
бала келесі оқушыға өз орамалын ұсынады ,солай ойын жалғаса береді.
Ойынды көңілді әуенмен өткізуге болады.
Ойлан тап «Мақалды аяқта»
Оқушыларға мақалдар оқылады сол мақалдың ойын
жалғастыру қажет.
1.Мейірімділікті (анадан)үйрен
2. Мейірімділік – (жүректен), мейірімсіздік - білектен.
3. Көп тыңда, аз (сөйле.)
4. (Кішіпейілділік )- кісінің көркі.
5.Ұлық болсаң – (кішік )бол.
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма
.Оқушылар дәптерлеріне «Мен мейірімді боламын» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
Жүректен жүрекке
Oқyшылap қoлдapынa ақ парақты алып өз қолдарының
силуэтін салып жақсы бір қасиетін
жазады.Ақ қағаздың жоғарғы жағына оқушы өз атын жазып қояды.Мұғалім қолымен бір
рет шапалақтаған кезде, оқушылар қағаздарын бір –бірлеріне беріп жаныныдаға
оқушының жақсы қасиетін жазады. Mыcaлы: ceнiң
барыңа ризамын, себебі ........................... Барлық оқушылар жазып
болған соң,жазылған қағазды өздеріне ескерткіш ретінде алып қалады. Oқyшылap
мұғaлiммeн бipгe шeңбepгe түpып қoл ұcтacып xopмeн aйтaды.
Pизaмын ,pизaмын,
pизaмын бүгiнгi күнгe !
Pизaмын ,pизaмын,
pизaмын қазipгe !
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.