Тылсым дүние ғажаптары
11.04.2016
4380
744
Чайзатов Мұрат Серікұлы
Сабақтың тақырыбы: Тылсым дүние ғажаптары
Сабақтың мақсаттары:
• Білімбілік. Адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту.
• Дамытушылық: өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып – білуге баулу;
• Тәрбиелік: сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: достық, мейірімділік, сүйіспеншілік.
Көрнекіліктер: слайд, аудио және бейне материалдар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.
«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?
Тыныштық сәтi.
Ыңғайлы және еркін отырыңыздар. Көзді жұмыңыздар өздеріңізді орманда жүрмін деп есептеңіздер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындаңдар. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге кел. «Иә» деген сөз барлық әсерге ие, осы сөзбен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. «Иә» менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкіні сезіңіз. Өз өткеніңіз, ертең, бүгініңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі жаңа ашылған раушан гүлі сияқты. Ол сіздің ішіңізде ашылып, бүкіл денеңізге хош иіс береді. Жұмысымызды аяқтаймыз. Өзіңіздің демалғаныңызды сезген кезде көзіңізді ашыңыз.
Қандай әсер алдыңыздар?
Үй тапсырмасын тексеру.
Ақселеу Сейдімбековтің ғылыми-танымдық шығармасынан үзінді.
1. Шығармада не туралы айтылады?
2. Көшпелілердің сенімін қалай түсінесіз?
3. Олардың табиғат құбылыстарын тамаша байқап, бағалай алуының сырын неде?
Әңгімелесу.
• Адам неліктен тылсым дүниелердің сырын ашуға ұмтылады?
• Неліктен табиғаттағы кейбір құбылыстарды тылсым дүниеге теңейді?
• Адамға құпия болып келген тылсым дүниені тану несімен қызықтырады?
• Табиғат адамды қандай сезімге бөлейді?
• Табиғат сұлулығын қалай сезінуге болады?
• Табиғаттың аясында өздеріңді қалай сезінесіңдер?
• Табиғаттың қандай көріністері сендерге ерекше әсер етті? Неліктен?
Шығармашылық тапсырма.
«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің»
Халық нақылы
Яғни, біз барлығына қайырымдылық жасасақ, әрбір жасаған ісіміз бізге жақсылық пен қуаныш алып келеді. Гүлдерге, жан-жануарлар мен өсімдіктерге, тіпті үстіміздегі киімге, отырған орындығымызға, мектебімізге жақсы қарайтын болсақ, олар да бізге рахметін айтады. Ұстаздарымыз бен ата-анамызды тыңдап, айтқанын орындайтын болсақ, ол біздің оларға қиянат жасамай, қайырымдылықпен қарағанымыз болады.
Жаңа ақпарат
«Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан, қоршаған табиға ортаның түрлі қасиеттері табиғат құбылысының терең тынысына үңілуде адамзат баласы талай жолдардан өтіп, бай тәжірибе жинақтады.
Табиғат біздің дүниетанымымызды қалыптастырушы негізгі және басты ұстазы. Адам баласының білім алатын көзі – табиғат. Сол табиғатты бақылау, зерттеу оны қорыту, тексеру, оның заңын табу сырын шешу... ғаламның ғажайып көркі де сонда, сыры да сонда мақамы да сонда... ғылымы да сонда, діні де сонда, адамдардың өмірі де сонда...» А. Машанов
Бейнематериал көру
Жағдаяттарды шешу
1-жағдаят
Сіз саябақта достарыңызбен серуендеп келе жатқанда, бір топ балалар ағаштың жапырағын жұлып, бұтағын сындырып жатқанын көрдіңіз. Сіз не істейсіз?
2-жағдаят
Сіздің сыныбыңызда оқитын бала сабақтан кейін өзінің үйінің жанында тал отырғызады, сізге барасыз ба деп ұсыныс жасайды. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
Дәптермен жұмыс
Оқушыларға қағаздан жасалған күннің сәулелерін таратып, жақсы қасиеттер жазғызамын. Осы сәулелерді тақтадағы күн шеңберінің айналасына оқушылармен бірге орналастырамыз.
Оқушылар тақтадағы күннің сәулесін жақсы қасиеттермен бірге дәптерге көшіріп алады.
Ән шырқайық достар
Синквейн 5 жолды өлең
1.Зат есім (бір сөз)
2.Сын есім (екі сөз)
3.Етістік (үш сөз)
4.Тақырыптың мағынасын ашатын ой ( 4 сөз)
5.Тақырыптың негізін қалайтын бірінші сөздің синонимі (бір сөз)
«Тазару» жаттығуы
Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді . Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерден құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім.
Сабақты қорытындылау:
АЙНА
Мен кіммін?
Мен осы сабақта не білдім?
Осы сабаққа дейін менде осы тақырып туралы түсінік көп/аз болды
Осы сабаққа кейін менің көзқарасым өзгерді
Үйге тапсырма: Ә.Нұршайықовтың естеліктерінен алынған үзіндіні оқып келу.
Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсылық ойла, жақсылыққа қара, жақсылықты есті, жақсылықты оят, жақсылық істейік! Бақытқа бастар жол осы. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.