Өзін-өзі тану. Тақырыбы: Өзіңді де, өзгені де аяла
29.12.2014
4732
0
Тұмарбекова Динара Жайнайбекқызы
Өзіңді де, өзгені де аяла
Аялауда табиғаттан үйрен
Халық даналығы
Мақсаты: балалардың «махаббат» , «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Өзіңді, өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- Өзіңе, өзгелерге аялы, сыйлы қарым – қатынастарын дамыту;
- Сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады. Мұғалім бүгін ерекше сәлемдесетіндіктері туралы айтады:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қане, бәріміз шеңбер бойлай, алдымен оң жағымызда, содан кейін сол жағымызда тұрған баланың қолын қысып, онымен құшақ жая амандасайық:
Келші, досым, айналайын,
Құшақтайын, аймалайын...
Бәрі осылайша амандасып шығады.
Д. Әлімжановтың өлең жолдарын айтады:
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп, өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
Әңгімелесу
-Аялау дегенді қалай түсінесің?
-Сендерді кімдер аялайды?
-Аялау қандай сезімге бөлейді?
Мәтінмен жұмыс
«Жаныашыр»
Оқу, әңгімелеу, сұрақ жауап әдісімен ой өрбіту
Сергіту сәті
Алақанмен сипағанда аялап,
Жақсы сезім ққуанышың тасады.
Ақ көңілмен болар бейне саябақ,
Аялаған әр адамның құшағы.
Дәйексөз
«Аялауды табиғаттан үйрен»
Тыныштық сәті
Жұмыс түрінің ауысу аралығында балалардың денесі, ойы сергітіледі.
Дәптермен жұмыс
Берілген ребусты шешіп, ой өрбіт.
Қорытындылау
Қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндейді.
Жүректен жүрекке
Мұғалім оқушыларға өзінде, өзгені де, айналасын да аялауға даяр екендігін жүрек жылуларымен бөлісу арқылы білдіруді ұсынады.
- Аялау жылы, мейірімді жүректен пайда болады. Бәріміздің де, жүрегіміз жылы, мейірімді. Сол жылылық пен мейірімді бір – бірімізден аямайық. Оқушылар оң қолдарынжүрек тұсына қойып жылылығын түсіріп алмастай етіп екінші қолымен демеп, кезегімен оң жағында тұрған оқушының қолын қысады.
Соынмен бірге Ертай Ашықбаевтың «Бөпем менің» өлеңін айтады.
Бөпем менің
Е. Ашықбаев
«Ашуланды - ау» , сірә, тағы,
Жұбатамын бөпемді енді.
Бөпем менің ұнатады
Тербеткенді, көтергенді.
Қызығады – ау ел де, тегі,
Дейді;
- Бөпең ержетті ме?
Ержетеді, ер жетеді.
Отырмын мен тербеп, міне.
Тербеттім де таң қалдым мен,
Тыңдап жатып өлеңімді,
Ұйықтап қалып, аңғардым мен
Күлді бөпем, неге күлді?
Сұрақтарым көп әлі,
Бөпем жауап қайтармайды – ау,
Тілі шыққан жоқ қой әлі,
Көрген түсін айта алмайды – ау.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.