17.Белгісіз бөлгішті табу
Сабақтың тақырыбы: 17.Белгісіз бөлгішті табу
Мақсаты: Белгісіз бөлгішті табудың тәсілін қарастыру,
түсіндіру.Есептер шығару,өрнектердің мәндерін табу.Есептеу дағдысын жетілдіру.Қазақстан
қорықтары туралы білім беру.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Білім.1 Тапсырманы орында.Қорытынды
жаса.
Үлгі:
6: 3 = 2 |
6: 3 = 2 теңдігінде: 6- бөлінгіш,3- бөлгіш, 2-бөліндінің мәні |
6:2 =3 |
Бөлінгіш 6-ны ,
бөліндінің мәні 2-ге бөл. Не шықты? |
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда бөлгіш шығады.
Түсіну.№2 Теңдік тура
болу үшін, бос орынға қандай сан қою керек:
12 : 6 = 2 4
:2 =2 8:2
=4
12: 2 = 6
теңдігінде бөлгіш белгісіз.Егер бөлінгіш 12-ні
бөліндінің мәні 6-ға бөлсек, онда бөлгіш шығады.Бұл сан – 2
12:2=
6
Белгісіз бөлгішті табу үшін, бөлінгішті
бөліндінің мәніне бөлу керек.
4. Қолдану.
№ 4
Белгісіз бөлгішті тап:
10:
5
=2 14 : 2= 7 25
: 5 = 5
20: 5 = 4
6..Жинақтау №6 Өрнектердің
мәнін тауып, оларды кему ретімен орналастырсаң, Ақсу Жабағалы қорығының нышан
гүлінің атауын оқисың:
8*5 |
6*6 |
4*8 |
64-40 |
3*7 |
5*3 |
6*2 |
54-45 |
32-24 |
қ |
Ы |
з |
Ғ |
А |
л |
д |
а |
қ |
№7 1. Біздің елімізде 66 қорықша бар, ал
қорғалатын табиғи парктердің одан 30-ы кем.Біздің елімізде қорғалатын табиғи парктер
саны қанша?
Шешуі:66-30 = 36
Жауабы: 36 табиғи парк
2. Біздің елімізде 9 қорық бар, хайуанаттар
парктерінің санына қарағанда олардың 6-уы артық. Біздің елімізде барлығы неше
қорық пен хайуанаттар паркі бар.?
Шешуі 9+ (9-6)=12
Жауабы 12
8.Қорытындылау.
9.Үйге тапсырма : № 5,9 – 34 бет
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.