Главное меню

  • К списку уроков
14. Көбейтудің белгісіз компоненттерін табу
05.06.2013 5110 0

Сабақтың тақырыбы: 14. Көбейтудің белгісіз компоненттерін табу

   Деңгейлеп оқыту арқылы  көбейтудің белгісіз компоненттерін табуды ұғындыру.Есеп шығару, теңдеулерді шешу.Таным қабілетін ,ой өрісін дамыту.Білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : жаңа сабақ

Оқыту әдісі: деңгейлеп оқыту, ұжымдық оқыту.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта кітапхана ресурстары

Сабақтың барысы : 1 деңгей. Білім.

●●

●●

●●

2*3= 6

2*3 = 6 теңдігінде: 2 және 3 – көбейткіштер,

6-көбейтіндінің мәні

 

●●●

●●●

6:3=2

Көбейтіндінің мәні 6-ны 3 көбейткішіне бөл.Не шықты?

 

●●

●●

●●

6:2=3

Көбейтіндінің мәні 6-ны 2 көбейткішіне бөл.Не шықты?

 

 

Егер екі көбейткіштің көбейтіндісінің мәнін бір көбейткішке бөлсе, онда басқа көбейткіш шығады.

Сабақтың  тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

2 деңгей. Түсіну.

Бос орынға қандай санды қойғанда, тура теңдік шығады:

4*   = 8             2*  = 10                        3*  = 6    

Үлгі: 4*    = 8 ,онда 8:4=2, бұдан 4*2=8.

 

 

4*    = 8 теңдігінде екінші көбейткіш белгісіз.Егер көбейтіндінің мәні 8-ді белгілі көбейткіш 4-ке бөлсек, белгісіз көбейткіш шығады.

Белгісіз көбейткішті табу үшін, екі көбейткіштің көбейтіндісінің мәнін белгілі көбейткішке бөлу керек.

3деңгей .Қолдану.

№ 4    Белгісіз көбейткішті тап:

 *5 =10                    *3=15          2*=8                   3*=9

4 деңгей. Жинақтау.

Математикалық диктант.

№ 5   Теңдік құрып,белгісіз көбейткішті тап:

1.Белгісіз  санды 4-ке көбейтсек, 8 шығады;

2.5-ті белгісіз санға көбейтсек,5 шығады;

3.Белгісіз санды 3-ке көбейтсек, 0 шығады. 

6 деңгей .Бағалау