2 санын қосу және азайту.


55-сабақ

   Сабақтың  тақырыбы: 2 санын қосу және азайту.

   Сабақтың мақсаты: Білімділік: 2 санын  қосу кестесін және сан құрамының сәйкес  жағдайын білу,есептеулер жүргізуде қолдану біліктерін қалыптастыру. Сандардың құрамы ,қосу мен азайтудың  кестелік  жағдайлары  туралы  білімді  бекіту.

   Дамытушылық:Тапқырлықты,ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетін,сөйлеу тілін, өздіггінен әрекеттенуін дамыту.

   Тәрбиелік:  Балалардың бойындағы рухани -адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоршаған ортасымен   ізгілік  қарым - қатынасын   қалыптастыру,  дүниетанымын  кеңейту.

   Сабақтың  түрі: аралас сабақ

   Сабақтың көрнекілігі: суреттер,  плакаттар,   қима-қағаздар.

   Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

   Психологиялық дайындық.

Күлімдеп    күн  бүгін

Қарады  маған да,

Күлімдеп   күн  бүгін

Қарады саған  да,

Бүгінгі   жарқырап тұрған  күн

Көңілденіп  қарап  тұр.

   ІІ.Тірек білімдерін  жетілдіру.

*Бірден және екіден аттап санау (оза  оқыту әдісін  пайдаланып 15, 20 -ға дейін санау).

*Жұп сандарды  атау.

*Тақ сандарды атау.

*1-ден 10-ға дейін тура санау.

*10-нан 1-ге дейін кері санау.

*Жауабын ғана айт:

8+2             9-2                6+2                    7-2                              

2+2              5-2               4+2                    3+2

   ІІІ. Жаңа материалды меңгеру.

2 санын қосу және азайтудың  тәсілдерін  түсіндіру  (тиін, себет, саңырауқұлақтар)

-Тиін  саңырауқұлақтар   жинады. Себетте 3 саңырауқұлақ  жатқан еді, одан кейін  тағы 2  саңырауқұлақ  тауып алды.       Алдымен себетке 1  саңырауқұлақты  саламыз.  Себетте неше  саңырауқұлақ  болды?  Тағы   1 саңырауқұлақты  саламыз.

Себетте  барлығы неше  саңырауқұлақ  болды?

-Егер  біз санға 1 және  тағы 1-ді қоссақ, сонда барлығы неше сан қостық ? Екіні  санға қалай  қосуға  болады?

№1-92 беттегі тапсырманы  тақтаға шығып орындау.

№2    дәптерге орындау.  (31 бет).

           +2=                                            -2=  

   IV. Оқулықпен жұмыс. Мәтіндік есеп құрастыру,  №3 -93 бет.

№4 ауызша орындау.

   V. Сергіту сәті.

   VІ. Жазбаша жұмыс. №5-93 бет, дәптерге орындау.

   VІІ. Өздік  жұмыс.    №6-93 бет , №3-31 бет

   VІІІ. Тақырыпты бекіту үшін №4 -32 бет.

    ІХ.  Қорытынды.

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.