+1 +1, -1 -1 түріндегі қосу және азайту.


54-ші  сабақ

    Сабақтың  тақырыбы:       +1 +1,        -1 -1  түріндегі қосу және азайту.

 Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: сандар қатарының негізінде бқліктер бойынша қосу, азайту тәсілдерін меңгерту.

2.Дамытушылық:  Қосу,  азайту  өрнектерді  орындауға   машықтандыру.

Ойлау қабілеттерін  дамыту.

3.Тәрбиелік.  Оқушыларды   ұқыптылыққа, жинақтылыққа,  сауаттылыққа  тәрбиелеу.

   Сабақтың  әдісі:   аралас.

   Пәнаралық байланыс:  дүниетану, әдебиеттік оқу

   Сабақтың  көрнекіліктері:  Сандар , өрнектер,  үл.қ-қ

   Сабақтың  барысы:  І . Ұйымдастыру кезеңі

   ІІ.Психологиялық  дайындық .

   «Күлімде  ,күн, күлімде!

   Күлсін барлық бала шат!

   Берекелі  бүгіндей

   Бейбіт  болсын  болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық

 Сабақтың  ережесі:

1.Жұмысқа белсенді қатысу.

2.Бір -бірімізді  бөлмей тыңдау.

3.Ойды ашық айту.

4.Тыныштық сақтау.

 ІІІ. Тірек  білімдерін   бекіту.

     Ауызша санауға  бір -бірден қосу мен азайту дағдысын   бекітуге  арналған жаттығулар қосылады.

1-ді қосқанда  келесі сан шығатыны, азайтқанда алдыңғы сан  шығатыны

еске түсіріледі.   «Тізбек», «Үндемес » ойындарын өткізуге  болады.

№1-91 бет  ауызша  орындалады

IV. Оқулықпен   жұмыс №2-91 бет  .Түсіп  қалған  таңбаны  орнына қой .

V. Жаңа  материалды меңгеру.

№3-91 бет түсіндіру.  Оқушылар  сандар қатарымен  жылжи  отырып, алдымен  1-ді, сонан  соң тағы 1-ді қосады. 

-2  санына   барлығы  нешеуін  қостық?

Осыған ұқсас жұмыс азайтқанда да өткізіледі.  Мұғалімнің басшылығымен оқушылар мынадай қортындыға келеді:            «Бір-бірден қосу       (азайту) арқылы сандар «баспалдағы» арқылы секіруге болады немесе жайлап  жүруге  болады».

VI.Сергіту сәті

Дала сары киінді,

Самал соқты  салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық , алтын  тау.

VIІ.Дәптермен жұмыс.  №1 -29 бет

 Өздік  жұмыс.  №3- 30 бет

VIІІ.  Логикалық тапсырма  №5-92 бет

ІХ.Сабақтың  қорытындысы.

-Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Сабақта  не істедік?

-Қандай  тапсырма қиын  болды?

Х.  Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.