8 саны және цифры.
42 сабақ
Тақырып: 8 саны
және цифры.
Мақсаты: - Оқушыларды
8 саны және
цифрмен таныстыру.
- Танымдылық
ойындар ойнату арқылы,
ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Есептеу дағдылары арқылы,
білімділік дағдыларын қалыптастыру.
- Пәнге
деген қызығушылықтарын арттыру.
Ұқыптылыққа, сауаттылыққа,
сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап,
Көрнекілігі: суреттер, жұмбақтар,
көгершіндердің суреттері
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.
Психологиялық дайындық.
Қане, біздер
ойлайық,
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп
болса да,
Шешпей оны қоймайық.
ІІІ. Өткенді
қайталау.
а) 1
2 3 4
5 6 7
сандарды тура санау,
кері санау.
ә) Логикалық
ойын-жұмбақ.
Көлден ұшты
жеті қаз, Бес асықтың
екеуін,
Қайтып қонды екі
қаз.
Досым сұрап алады.
Қонбады оның
нешеуі? Айтшы сонда
нешеуі,
Қане, кім тез
шешеді? / 5 қаз/ Өз қолымда
қалады? /3 асық/
ІV. Жаңа сабақ.
-Балалар, аспанда
ұшып келе жатқан
нелер? /көгершіндер/
-Нешеуі ұшып
келді? /7/
-Қарандар , тағы
нешеуі ұшып келді? /1/
-Балалар, көгершін,
қандай құс? / бейбітшілік құсы/
-Біздің елімізде
тиыштық пен бейбітшілік
болсын!
-Қанекей, балалар
барлық көгершіндерді санап
көрейікші.
-Қанша шықты?
/ 8 /
Осы суретке
қарап , өрнек құрастырайық.
7 санына + 1 санын
қоссақ шығады 8 саны.
7+1=8
V. Дәптерімізді ашайық ,
әдемі 8 санды жазайық.
Сегіз саны
құрылған Қос дөңгелек – шеңберден.
Үлкен шеңбер үстіне
Кіші шеңбер
жанасқан.
- 8 санына байланысты
қандай мереке бар? / 8
наурыз /
- 8 наурыз қандай
мереке?
Дүниеде ең жақын адам, ол кім? / ана /Аналарымызға гүл сыйлайық. Поэзия минуты.
Ана деген ақылшың, Анаң барда батырсың. Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа
жақынсын.
а) №1
Теңдіктер құрастыру.
* +*=8 * +* =8 * +* =8
* + * =8 * +*
=8 *+*=8
8-* = 8-*
= 8-*=
ә) №3 Фигураларды атап. Кесінділерді
өлшеп, сыз және салыстыр.
см * см см* см см* см
VI.Сергіту сәті
Бір, екі, үш қарлығаш
боп ұш,
Төрт ,бес, алты
қарлығаш боп қалқы.
Жеті , сегіз, тоғыз,
он
Қайта орныңа қон.
VII.«Көршінді тап» ойыны.
6
, 5
,
3 ,
7
, 2
VIII. «Қызықты математика»
*Саянда болды 8 алма
Сайданға берді 4 алма.
Ойланып, кәне ,
көрейік -
Саянда қалды қанша
алма? 8 -4 =4
*Бәйгеге шықты жануарлар
Алға шықты бесеуі.
Қосылды оған екеуі
Мәреге келді нешеуі? 5 +2=7
*Айманда бюолды
бес алмұрт,
Әселге берді екі
алмұрт.
Айманның қалды қолында
Неше алмұрт тез ойла? 5-2=3
*Сегіз қияр
базардан
Сатып алды Сәлімжан.
Бес қиярды алғанда
Қанша қалды
дорбада? 8-5=3
ІХ. Қорытынды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.