6 саны және цифры
37-ші сабақ
Сабақтың
тақырыбы: 6 саны және цифры.
Сабақтың
мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың 6 саны және цифры, 6-ның
сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру;
2.Дамытушылық: Оқушылардың ақыл -ойын, ой -өрісін дамыту. Пәнге
қызығушылығын арттыру;
3.Тәрбиелік:
Адамгершілікке , үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау , сұрақ -жауап
Пәнаралық
байланыс:
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, жұлдыздар, санамақ.
Сабақтың барысы: І .
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың ұраны:
«Кел, балалар,
оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық».
ІІ.Психологиялық дайындық .
«Күлімде ,күн, күлімде!
Күлсін
барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын
болашақ!»
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .
ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
Жаңа материалды қабылдауға дайындық үстінде
1-5 сандарының құрамы қайталанады, сондай
-ақ тапсырмаға 1-10 -ға дейінгі ,10-нан -1-ге дейінгі санауды қосқан пайдалы.
«Қар лақтыру »
ойыны
Карды
лақтыру арқылы оқушылардың ауызша
есептеулерін дамыту.
Енді қарларды әкеліп,тақтаға кему ретімен
қарларды ілу.
1-ден 5-ке дейін ауызша өсу,кему ретінде санау.
Қазір, біз
5-тен кейін тұратын санмен танысамыз. Ол сан алты.
IV.Жаңа сабақты
меңгеру. 1(сурет бойынша жұмыс)
-Балалар, гүлдің жанында қанша көбелек ұшып жүр?.......
Тағы бір көбелек ұшып келді. Нешеу болды?.....
5-тен кейін 6 тұрады. өрнек құрастыру. 5+1
V. Оқулықпен жұмыс: Оқулықты ашайық,тапсырманы орындайық.
№ 3 сандардың көршілерін табайық .
? 4 ? ? 3 ? ? 1 ? ? 5 ? ? 2 ?
VI. Дәптермен
жұмыс:
Дәптерімізді ашамыз,
Қолға қалам аламыз,
Ауада 6 санды
жазамыз,
Енді , 6 санды
Әдемі дәптерге
жазамыз.
VII.Санамақ айтайық
Көлшіктегі бір бақа,
Құрғақтағы Құрбақа,
Сұрша құмда Сұр бақа,
Аузын ашып тұр бақа.
Арық емес көк бақа,
Топ -толық бір Тоқ
бақа,
Арбандаған Аш бақа ,
Тарбандаған Тасбақа...
Бақылдайды бақ--бақ
деп:
«Бақа санын тап, тап!» -деп.
VIII. №1
-62 беттегі тапсырманы талдап
дәптерге орындау.
ІХ.Сергіту сәті:
Көк аспанға
қараймын,
Келген құсты санаймын,
Үшбұрыш болып тырналар,
Көк жүзінде
сырғанар.
Х. Ауызша
жұмыс. №4 -63 бет .Фигураларды ата . Кесінділерді өлше
және салыстыр:
ХІ. Өзіндік жұмыс
. №4 -4бет
ХІІ. Тақырыпты бекіту үшін дәптердегі
№3 тапсырма орындалады.
ХІІІ.Сабақты қорытындылау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.