0 саны және цифры
32-сабақ
Сабақтың тақырыбы: 0 саны және цифры
Сабақтың мақсаттары: 1.0 санының мағынасымен, оның сандар қатарындағы орнымен таныстыру, 0 цифрын жазуды үйрету.
2. Оқушылардың сауаттылығын дамыту,
3. Тазалыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойындар.
Көрнекі құралдар: оқулық, үлестірмелі тапсырмалар, алтын қақпа сызбасы, доп.
Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Психологиялық дайындық.
Спортпен шұғылдан,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс.
Сауық пен кинодан.
ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру. 2,3,4,5 сандарының құрамын қайталау барысында ауызша санауға лайықты жаттығулар мен дидактикалық ойындарды («Үйшік», «Көршілер») ұйымдастырып, сандардың ретін еске түсіруге, математикалық өрнектерді қосуға болады.
IV. Жаңа
материалды меңгеру .
1.Ағаштың бұтағында 2 қарлығаш отыр, біреуі ұшып кетсе бұтақта неше қарлығаш қалады? 2-1=1
Қалған қарлығаш жан -жағына қарап ол да ұшып кетеді. Бұтақта неше қарлығаш қалды? 1-1 =0 Ештене қалған жоқ. Егер ештене қалмаса, 0 цифрымен белгілейміз. 0-көрсету. (тағы да басқа жаттығуларды орындауға болады)
2.Оқулықпен жұмыс. № 1 тапсырманың суреттері бойынша өрнектер құрастыру,олардың мәндерін табу.
3-1 =2 2-1=1 1-1=0
Оқушылардан 0-дің сандар қатарынын қай жерінде тұратындығын сұрау керек. 0 саны 1-ден кіші, сондықтан сандар қатарында 1-дің алдында тұратындығын меңгеруі маңызды. Содан кейін №2 тапсырма - «Көрші сандар» орындалады (ауызша орындалады).
V.
Дәптермен жұмыс 45 -бет
№1 -0 цифрын жазу
№2 өрнек құрастыру.
VI. Сергіту сәті
Бала, бала,балапан
Қане қайсы алақан?
Саусақтарын айбат,
Былай -былай ойнат. } 2рет
Оқулықтағы №3 -56 бет дәптерге орындалады. Амалдар ұзындық шамасымен орындалады.
2см +
5см
VII. «Кел ойнайық!» №5 -56 бет бұл ойын -жаттығуы, оқушылардың зейінің дамытуға бағытталған және геометриялық фигураларды қайталауға арналған тапсырмалар кездеседі. Ойынның шарты қарапайым. Оқушылардың біреуі тақтаға шығып, белгілі бір түстегі қоршауды ішінен таңдайды. Ал қалғандары оған сұрақтар қою арқылы қандай қоршауды таңдағанын табады.
-Сенің қоршауында доп бар ма?
-Сенің қоршауының ішінде көк дөңгелек бар ма?
Оқушылар осылай қоршаудың ішіндігілерді салыстыра отырып, оқушының жасырған қоршауын табады.
VIII.Жазбаша жұмыс . Салыстыру. Оқулықтағы № 4 дәптерге орындалады.
Бұл тапсырма алдын ала ауызша орындалады, содан кейін белгілерді оқушылар өз беттеріше дәптерге қояды.
ІХ. Сергіту
сәті
Жалқаулықты тастаймыз
Шынығамыз жастай біз.
Ырғағымен әуеннің
Жаттығуды бастаймыз.
Бір, екі, үш
Дем аламыз жалғап күш..
VIIІ. Сабақты
қорытындылау.
-Қандай тақырыппен таныстық?
-0 деген цифраны көрсетейікші.
-Сабақта не қиын болды?
-Не ұнады?
ІХ.
Жақсы жұмыс істеген оқушыларды
мадақтау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.