Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
31-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
Сабақтың мақсаттары: 1. Оқушылардың есептеуде қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру; заттарды санау және санаудың нәтижесін цифрмен жазу дағдыларын дамыту.
2. Оқушыларға бағыт -бағдар бере отырып, ой -өрістерін дамыту, топпен және жеке шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
3. Сабаққа қызығушылығын, белсенділігін тапқырлығын ,ұқыптылығын арттыру. Өзін -өзі бақылауға, топтың намысын қорғауға баулу.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойындар.
Көрнекі құралдар: оқулық, үлестірмелі тапсырмалар, алтын қақпа сызбасы, доп.
Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Психологиялық дайындық.
Спортпен шұғылдан,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс.
Сауық пен кинодан.
ІІІ. Қайталау «Қағып алу »ойыны арқылы қосу және азайтудың кестелік
жағдайлары туралы білімдерін қайталау.
ІV. Жаңа сабақ
Біз бүгін сабағымызды «Алтын қақпа » ойынымен алтын қақпаны ашу үшін берілген тапсырманы дұрыс орындауымыз керек.
1.«Темір қақпа» оған жету үшін оқулықтағы №1- тапсырманы ауызша орындаймыз. Оқушылар жасырынған сандарды табады. Ереженің қорытындысын шығару.
2. «Мыс қақпа» мыс қақпаны ашу үшін №2 тапсырманы орындау.
Сергіту сәті
Жалқаулықты тастаймыз
Шынығамыз жастай біз.
Ырғағымен әуеннің
Жаттығуды бастаймыз.
Бір, екі ,үш
Дем аламыз жалғап күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
3. «Кім жылдам?» ойынның жұргізу арқылы №3 тапсырманы орындау.
Ой толғау оқушыларға берілген үлестірмемен жұмыс.
4.«Күміс қақпа» байқампаздықтарын дамыта отырып, сөредегі алынған заттарды табады. Күміс қақпа ашылады
5.«Алтын қақпа». Бұл қақпаны бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан оқушылар ашады.
Алтын қақпаның ішіндегі жұлдызшылармен білімдерін бағалау.
VIIІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Жақсы жұмыс істеген
оқушыларды мадақтау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.