Пысықтау
30-шы сабақ
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Өткенді қайталау, мысалдарды шешуге машықтандыру.
2.Дамытушылық: Ақыл ойын, сана сезімін, есептеу, салыстыру дағдысын дамыту.
3.Тәрбиелік: Логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл- ой белсенділігін тәрбиелеу; ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,
көрнекілікпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу.
Сабақтың көрнекіліктері: сандар, геометриялық фигуралардан жасалған заттардың үлгілері.
Сабақтың барысы: І .
Ұйымдастыру бөлімі
Ал, кәнекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
Дұрыс есеп шешімін,
Мұқиятпен табайық.
ІІ.
Психологиялық дайындық
Оқушылар бір -біріне дайындаған тілектерін айтады.
ІІІ.Тірек
білімдерін пайдалану.
-Балалар, бүгін бізге Жұмбақбай ата қонаққа келіп, сендерге бірнеше жұмбақ әкеліпті. Осы жұмбақтарды шеше отырып бүгінгі сабағымыздың мақсатына жетейік.
Ақыл - ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары .
Биігіне шықсаң да,
Қанбайды адам құрамы. (Білім)
- Балалар, жұмбақты дұрыс шештіндер, ендеше білілмімізді ары қарай шындай түсейік.
ІV.Өткен
материалды бекіту.
Өрнектерді құрастыру және олардың мәндерін табу №1-52 бет
Логикалық тапсырма. №4- 39 бет
№6 тапсырманы оқушылар дайындалған қиындылардан геометриялық фигура құрастырады.
V.Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық..
Бір отырып,бір тұрып,
Шынығып алайық.
VІ. Дәптермен
жұмыс -33 бет
№1 -4 саның жазып үйрену. №3 тапсырма берілген сандар бойынша шаршы суретін салу.
№4 оқушылар нүктелерді дұрыс қосуды үйренеді және төртбұрыш туралы білімдерін нақтылайды.
VII. Сабақты қорытындылау.
VIIІ.
Жақсы жұмыс істеген оқушыларды
мадақтау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.