Атрық. Кем. Тең.


25-ші  сабақ

    Сабақтың  тақырыбы:   Атрық. Кем. Тең.

   Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: «Артық», «Кем», «Тең»  түсініктерімен таныстыру. Заттар  жиынын   саны бойынша салыстыруға үйрету; таңбаларды  дұрыс қолдана білу.

   2.Дамытушылық:   Танымдық  ойындар  ойнату арқылы  ойлау  қабілеттерін  жетілдіру, есептеу  дағдылары  арқылы  білімдерін қалыптастыру.

   3.Тәрбиелік:  Оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттыру  арқылы  еңбекке  баулу.

   Сабақтың  әдісі:  жазбаша, ауызша, ойын

   Сабақтың  барысы:  І . Ұйымдастыру кезеңі

    ІІ. Психологиялық  дайындық

     Математика - толған тамаша заңдылық  сән,

     Математика -толған тәртіп, мағына мән.

     Математика  - толып жатқан терең сыр,

     Шетсіз, шексіз  дариядай  бейне бір.

    ІІІ.  Тірек  білімдерін жетілдіру.

Ауызша  жұмыс:    43  бет

1+2        3-2         2+1           1+1       2-1 

   IV. Жаңа  материалмен  таныстыру

      №1  тапсырмадағы   суреттерді  пайдаланып  немесе басқа заттарды пайдаланып  жаңа  тақырыпты түсіндіру.

3  >  1                   3 = 3                           2 <    4   

    V. Оқулықпен жұмыс. №2     дәптерге орындау.

3  *4                 3*2                      3 *3           2* 3              

2 *2                  1*2                       2*1           1*3

 

     VI.Сергіту  сәті.

     Тербеледі ағаштар,

    Алдымыздан жел еседі.

    Кіп -кішкентай балалар,

    Үп- үлкен боп өседі.

    VII.Дәптермен  жұмыс:   36-37 бет №1  таңбаларды жазуға үйрену.

     №3 тапсырманы орындай отырып, жаңа материалды бекітуге болады. 

     №4 өз беттерінше  орындағаннан кейін  жаңа  сабақты  қаншалықты меңгергендіктерін тексеру керек  -37 бет

Өтілген материал  бойынша  істелетін жұмыс.

Оқулықтағы №3  -44 бет, орындау кезінде  оқушылар фигураларды  атайды, содан кейін суреттен кесінділерді тауып, сызғыштын көмегімен олардың  ұзындығын өлшейді.

     №4-44 бет   «Артық фигураны тап» ойын арқылы  жұмыс жүргізеді.  Дәлелдеу.

     VIIІ.Сабақтың  қорытындысы.

      ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.