Пысықтау.
21-ші  сабақ 
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Математикалық өрнек және оның мәні туралы түсініктерін анықтау; таңбалардың көмегімен өрнектер жазу дағдыларын арттыру.
2.Дамытушылық: оқушының ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл- ой белсенділігін тәрбиелеу.ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс
  Сабақтың  барысы:  І .
Ұйымдастыру  бөлімі
   ІІ. Психологиялық  дайындық
Әрбір адам - туысын, досың, жұрағат,
Әрбір сабақ -үйрену, ұғу, ұлағат,
Әрбір ісім - тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім- шындық, бірлік, адалдық.
    ІІІ.Тірек
білімдерін  пайдалану.
Ауызша есептеуге сандар қатарын шығарып алуға берілген ойындар мен жаттығуларды енгізуге болады.
ІV. Оқулықпен жұмыс
№1 -36 бет. Суреттер бойынша өрнектердің мәнін табу.
№2 Өрнектер құрастыру.
№3 тапсырманы орындау кезінде оқушылар заттардың ұзындықтарын сызғышпен өлшейді.
   V.Дәптермен 
жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық.
Оқулықтағы №4-ші тапсырманы дәптерде жазады..
   VІ.Логикалық  тапсырма. №5 -37 бет 
    VІІ. Сергіту сәті 
Қане енді тұрайық,
Бұлбұл болып сайрайық,
Қолымызды созайық
Қанат қағып ұшайық.
   VІІІ.  Дәптермен 
жұмыс  32 бет
№1 сурет бойынша өрнектер жазу.
№2 сандарды пайдаланып өрнек құрастыру.
    ІХ. Өздік жұмыс №3   -32 бет
   Х. Сабақты қорытындылау.
   ХІ. Жақсы жұмыс  істеген 
оқушыларды   мадақтау.
/� �>3�/ �
№4 үлгі бойынша геометриялық фигураларды түсті қарындашпен бастырады.
VIIІ. Сабақты қорытындылау.
       ІХ.
Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды  
мадақтау.
2 мен 3 сандарының құрамын бекіту үшін «Өнімді жина», «Арифметикалық лото» ойындарын ұйымдастыруға болады (ойындарға берілген нұсқауға қара).
Геометриялық материалды түсіндіру.
№3 тапсырманы орындау кезінде мұғалім белгілеріне қарай үшбұрышты табуды ұсынады. «Үшбұрыштың неше қабырғасы бар? Тағы қандай фигураларды атай аласың?»
Геометриялық фигуралардың элементтерін дұрыс атап, оларды сызбадан көрсете білуді үйрету қажет. № 4 тапсырма логикалық ойлауларын дамытуға бағытталған.
V. Сергіту сәті.
      VІ.
Дәптермен  жұмыс.
№1 тапсырма цифрын дұрыс жазуға үйретуді көздейді.
№2 тапсырма мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Осы фигураларды көшіріп салуды сұрап, тапсырманы ары қарай күрделендіруге болады. Мұғалім балалардың назарын фигура дәл болып шығу үшін нүктелердің арасындағы торкөздерді санау керек екеніне аударады .
№3 тапсырма өрнектерді сәйкес суретпен сызық арқылы қосады.
№4 тапсырмада суретті 3-ке дейін толықтырады. Қасындағы бос орынға сәйкес өрнекті жазады.
VIІ. Сабақты қорытындылау.
    VIІІ. Жақсы жұмыс  істеген 
оқушыларды   мадақтау.
№2 тапсырманы орындау кезінде балалар құрастырылған өрнекке сурет таңдаулары керек. Балаларға санау материалдарының көмегімен өрнектерді иллюстрациялап көрсетуді ұсынуға болады.
     VІ.Сергіту 
сәті
Бойыңды сергек тік ұста,
Демінді ішке тез алда.
Емін -еркін тыныста.
Сол қолынды соз алға,
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауада
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын.
    VІІ.Дәптермен  жұмыс 
28-29 бет
№1 тапсырма цифрлар мен белгілерді жазуға жаттығуға арналған.
Балалар комбинаторлық мүмкіндіктерін дамытуға берілген тапсырмамен (№2) алғашқы рет кездеседі. Мұғалім суреттерді бояудың түрлі тәсілдерін жеңіл табуға болатын тәртіпті түсіндіреді: «Қарындаштардың түсі қандай? Бірінші, екінші, үшінші қарындаштардың орнын ауыстырамыз. Енді бірінші орынға көк қарындашты қоямыз, қалған екеуінің орнын өзгертеміз т.б.»
Оқулықтағы №3 тапсырма «дәптерге орында» шартты белгісімен берілген. Бұл тапсырманың сәйкес белгілердің жазу дағдыларын қайталағаннан кейін ұсынған жөн. Балалар мынадай қорытынды жасауы керек: «Қосу кезінде нәтиже қосатын саннан артық болады».
Өтілген материалмен жұмыс.
     VІІІ. Оқулықпен  жұмыс.
№4 тапсырмада ит пен оның үйшігі бейнеленген . Балалар осыған ұқсас басқа торкөздерге не бейнелеу керек екенін айтады.
ІХ. Сабақты қорытындылау.
Х. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақта