Пысықтау.
20-шы сабақ
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Математикалық өрнек және оның мәні туралы түсініктерін кеңейту; таңбалардың көмегімен өрнектер жазу дағдыларын арттыру.
2.Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: Логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл- ой белсенділігін тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,
көрнекілікпен жұмыс
Сабақтың барысы: І .
Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.
Психологиялық дайындық
Бүгін бізде ерекше,
Сабақ болып жатыр ғой.
Тәртіп, оқу деңгейін,
Ұстаздар көріп отыр ғой.
Ал тәртіпті болайық,
Жақсы көріп әр күнде,
Білім керек әркімге.
ІІІ.Тірек
білімдерін пайдалану.
Ауызша есептеуге сандар қатарын шығарып алуға берілген ойындар мен жаттығуларды енгізуге болады.
ІV. Оқулықпен жұмыс
№1 - 34 бет өрнектердің мәнін табу.
№2 Сайқымазақтың доптарында жазылған сандар мен таңбалардан өрнектер құрастырады және дәптерлеріне орындайды.
№3 тапсырманы орындау кезінде оқушылар суретке талдау жасайды және әр суретке сәйкес өрнекті табады. Оқушылар тапсырманы өздерінің жауаптарын түсіндіре отырып орындайды. Мысалы: «Үштен екіні азайтамыз» деген өрнекке «үш көбелек қонып отырды, екеуі ұшып кетті» деген сурет сәйкес келеді.
Логикалық тапсырма. №4- 36 бет
V.Сергіту
сәті.
Бір отырып, бір тұрып
Алға қарай жүреміз
Артқа қарай шегіндім
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
VІ. Дәптермен
жұмыс.
№1 тапсырма бойынша өрнектерді оқып, олардың мәнін табады, оған сурет ойластырады. Суреттің орнына үшбұрыш, дөңгелек, шаршы қолдана алады.
Оқулықтағы №2 дәптерге орындалады. Оқушылар әртүрлі нұсқаларын құрастырады.
VІІ. Өздік жұмыс №3 -31 бет.
№4 үлгі бойынша геометриялық фигураларды түсті қарындашпен бастырады.
VIIІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ.
Жақсы жұмыс істеген оқушыларды
мадақтау.
2 мен 3 сандарының құрамын бекіту үшін «Өнімді жина», «Арифметикалық лото» ойындарын ұйымдастыруға болады (ойындарға берілген нұсқауға қара).
Геометриялық материалды түсіндіру.
№3 тапсырманы орындау кезінде мұғалім белгілеріне қарай үшбұрышты табуды ұсынады. «Үшбұрыштың неше қабырғасы бар? Тағы қандай фигураларды атай аласың?»
Геометриялық фигуралардың элементтерін дұрыс атап, оларды сызбадан көрсете білуді үйрету қажет. № 4 тапсырма логикалық ойлауларын дамытуға бағытталған.
V. Сергіту сәті.
VІ.
Дәптермен жұмыс.
№1 тапсырма цифрын дұрыс жазуға үйретуді көздейді.
№2 тапсырма мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Осы фигураларды көшіріп салуды сұрап, тапсырманы ары қарай күрделендіруге болады. Мұғалім балалардың назарын фигура дәл болып шығу үшін нүктелердің арасындағы торкөздерді санау керек екеніне аударады .
№3 тапсырма өрнектерді сәйкес суретпен сызық арқылы қосады.
№4 тапсырмада суретті 3-ке дейін толықтырады. Қасындағы бос орынға сәйкес өрнекті жазады.
VIІ. Сабақты қорытындылау.
VIІІ. Жақсы жұмыс істеген
оқушыларды мадақтау.
№2 тапсырманы орындау кезінде балалар құрастырылған өрнекке сурет таңдаулары керек. Балаларға санау материалдарының көмегімен өрнектерді иллюстрациялап көрсетуді ұсынуға болады.
VІ.Сергіту
сәті
Бойыңды сергек тік ұста,
Демінді ішке тез алда.
Емін -еркін тыныста.
Сол қолынды соз алға,
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауада
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын.
VІІ.Дәптермен жұмыс
28-29 бет
№1 тапсырма цифрлар мен белгілерді жазуға жаттығуға арналған.
Балалар комбинаторлық мүмкіндіктерін дамытуға берілген тапсырмамен (№2) алғашқы рет кездеседі. Мұғалім суреттерді бояудың түрлі тәсілдерін жеңіл табуға болатын тәртіпті түсіндіреді: «Қарындаштардың түсі қандай? Бірінші, екінші, үшінші қарындаштардың орнын ауыстырамыз. Енді бірінші орынға көк қарындашты қоямыз, қалған екеуінің орнын өзгертеміз т.б.»
Оқулықтағы №3 тапсырма «дәптерге орында» шартты белгісімен берілген. Бұл тапсырманың сәйкес белгілердің жазу дағдыларын қайталағаннан кейін ұсынған жөн. Балалар мынадай қорытынды жасауы керек: «Қосу кезінде нәтиже қосатын саннан артық болады».
Өтілген материалмен жұмыс.
VІІІ. Оқулықпен жұмыс.
№4 тапсырмада ит пен оның үйшігі бейнеленген . Балалар осыған ұқсас басқа торкөздерге не бейнелеу керек екенін айтады.
ІХ. Сабақты қорытындылау.
Х. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақта
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.