Қазақстан тарих "Қазақ хандығының 550 жылдығы"
Мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандары туралы ежелгі қазақ халқының
дамуы жайында мағұлмат беру.
Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық рухын көтеру,
еліне-жеріне деген махаббатын арттыру.
Дамытушылық: Ата - бабаларына деген құрметін, қазақ хандығының құрылуы туралы білмдерін толықтру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру.
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
1.Сынып оқушыларымен амандасу
2.Түгендеу
3.Зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Қазақ хандығының құрылуы жайлы оқушыларға түсіндіру
Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп
отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.
Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ
жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде
арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыз ойға оралады. Ұшқан құстың қанаты
талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан
қорғап қалған ардақты бабаларымыз-ай! Сендерге байтағымыздың төріндегі барлық
қалалардың орталық алаңдарында алтыннан еңселі ескерткіш тұрғызып қойсақ та
артық болмас еді.
Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты
Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар
жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі
жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды.
Алты Алаштың айбынды әміршісі Абылай
хан бастаған, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Баян, Олжабай, Өтеген,
Ақтанберді, Байғозы, Жанатай, Жауғаш, Малайсары, Елшібек батырлар қостаған
қазақ сарбаздарының қолы талай мәрте туған жер төсінде ат ойнатып, ата
жауларымен кескілескен шайқастар өткізді.
Қызыл күнді шаң жапты, қара жерді қан
жапты. Ажал оғы құлатты талай батыр саңлақты. Бірақ, Абылай хан бастаған
айбынды батырлар қазақ хандығының туын құлатқан жоқ! Бұл еліміздің
тәуелсіздігін қорғап қалу жолындағы жан алысып, жан беріскен қиян-кескі майдан
болатын.
Абылай ханның жаужүрек немерелері
Кенесары мен Наурызбай төрелер бастаған, Ағыбай, Жанайдар, Иман, Жоламан,
Бұғыбай, Жәуке, Сұраншы, Бәйсейіт, Жеке батырлар қостаған қазақ сарбаздары да
Ресей империясының бодандығынан бас тартып, туған жер төсін тұлпарларының
тұяқтарымен дүбірге бөледі. Арыстандай айбат, жолбарыстай қайрат көрсетті.
Қазақтың ең соңғы ханы Кенесарыны
Ресей империясының мұздай қаруланған әскері жеңе алмай діңкеледі. Ер Кене
сырттағы жаудан емес, іштегі жаудан қапыда кетті ғой. Әйтпесе ата жауларына әлі
де талай ойранды салар еді.
Кене
ханның тұсында,
Қарт
бурадай жарадық.
Жауды
жасқап жапырып,
Жауған
қардай борадық.
«Абылайлап»
ат қойып,
Дұшпанның
алдын орадық.
Кене хан
опат болған соң,
Шіл боғындай тарадық.
Кене мен Науан кеткен соң,
Заманым қалды тарылып.
Салтанатты хандардан,
Жетім қалдым айырылып.
Екі бірдей қанатым,
Топшыдан сынды майырылып.
Балағы алтын ақ берен,
Тасқа тиді қайырылып,-деп атақты Нысанбай жырау кеудесін кернеген өкініштен
өзегі өртене жырлағандай, қазақ халқы Кенесары мен Наурызбай сынды біртуар
баһадүрлерінен қапыда айырылған соң жаудың құрсауында қалды.
Тек асылдың сынығы Сыздық сұлтан ғана ондаған жылдар бойы
қасқырдай қайрат көрсетіп барып тынды. Бұл қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап
қалу жолындағы жанкешті шайқастардың соңы болатын.
Қазақ халқының өз алдына дербес мемлекет болуын, өз
тағдырына өзі қожалық етуін аңсап өткен Алаштың арыстары Әлихан Бөкейханов,
Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар
Рысқұлов өз бастарын өлімге байлап, елім деп еңіреп өткен ерлер еді. НКВД
түрмесінде азап шегіп, туған халқының азаттығы жолында атылып кетті. Жандары
жәннатта, тәндері рахатта болып, пейіште нұры шалқығай Алаштың осы сайдың
тасындай аяулы арыстарының!
Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін арпалысқан соңғы ұрпақ –
1986-жылдың қаралы да жаралы желтоқсан айында жалаудай желбіреген қазақтың
өрімдей қыздары мен жігіттері.
Мұздай қаруланған ОМОН солдаттары қазақтың қаракөз
қыздарын іштен теуіп, шашынан сүйреді. Көкөрім жігіттерді таяққа жығып, қасқыр
иттерге талатты.
Алматының алаңындағы ақ қар қызыл қанға боялды. Күш тең
емес еді. Албырт жастар сонда да алған беттерінен қайтпады.
Менің
елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің,
Қазақстаным!-деп Шәмші ағаларының асқақ
әнін алаңға беттеген қазақ жастарының Әнұраны етіп шырқап, мұздай қаруланған
солдаттарға қасқайып, қарсы шықты. «Мызғымас Одақтың» қабырғасын осылайша
тұңғыш рет біздің қазақ жастары қақыратқан болатын!
Қазақтың қаһарман ұлы Қайрат Рысқұлбеков қолдан
құрастырған жаланың құрбандығына шалынып, әуелі ату жазасына кесілді. Кейін шет
мемлекеттердің наразылығынан сескеніп, Кеңес соты ату жазасын 20 жыл бас
бостандығынан айырумен алмастырды. Сөйтсек, бұл «кеңестік әділ соттың» сырт көзді
алдарқатқан сайқал саясаты екен. Ақыры олар жарты жылға жеткізбей, Семей
түрмесінде қанішер қарақшының арам қолымен Қайраттай есіл ерді өлтіріп тынды.
«Сотталған Қайрат Рысқұлбеков түрме камерасында өзін өзі өлтірді» деп мәлімдеме
жасады. Неткен аярлық, неткен жымысқы құйтырқылық!
Сен жалғыз ғана Мойынқұмның ұлы емес, барша қазақтың
ардақты батыр перзентісің, Қайрат бауырым! Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күні – сенің тойың!
Бір тойым болатыны сөзсіз
менің,
Дәл қай күні екенін айта
алмаймын.
Бірақ, бірақ...
Онда ортаға тасталар ұран
сондай,
Қайта алмайды қартың да
бір ән салмай.
Мен өзім де ән салам түн
ауғанша,
Менің жаным бұл күнге құмар
қанша.
Жығылған палуанға да бәйге
берем,
Адалдығы сезіліп тұрар болса!-деп қазақтың аймаңдай ақыны Төлеген Айбергенов төгіле
жырлағандай, Қазақстанның тәуелсіздік тойы – Желтоқсанда желбіреген от-өрім
қазақ жастарының тойы!
Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған Қазақ
мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын. Себебі мейірімді де меймандос
Алаш жұртына Алланың өзі нұрын төгіп келеді.
ІІІ. Сабақты бекіту
1.Қазақтың қандай
хандарын білесіңдер?
2.Қазақтың ең соңғы
ханы?
3. Алаштың арыстары
кімдер?
ІҮ. Үйге тапсырма
беру. Таңдауларың бойынша бір ханның
өмір-баяны жайлы баяндама жазып келу.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.