Қазақстан тарихы "Тарих – ғасырлар куәсі" 9 сынып
15.07.2015
2405
0
Кайсарова Гулдаурен Тураркызы
Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сахна мәдениетін үйрету.
Оқушыларды отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Барысы:
Түрі: Ғылыми – практикалық конференция.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, слайд шоу, безендірілген сахна.
Би: Қазақ биі.
1-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі «Тарих – ғасырлар куәсі» атты ғылыми- практикалық конференцияны тамашалауға келген қонақтар және оқушылар! 1465- 1466 жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.
2-жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
1-жүргізуші:
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.
Көрініс: «Қазақ хандығының құрылуы»
Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар мен билері шығып отырады.
Уәзір: Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
Есен-бұға: Кірсін!
Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.
Есен-бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар!
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.
Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз.
Есен-бұға: Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.
Есен-бұға: Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!
(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)
Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?
1. Ақсақал: Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
2. Ақсақал: Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек, ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.
3. Ақсақал: Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануға болады.Есен-бұға:Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым.
Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!
Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!
Есен-бұға: Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!
Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.
(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығып кетеді)
Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткена арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!
(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады).
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.
Ақсақал: Түндеріміз тыныш болсын,
Үйлерімізге ырыс толсын!
Ұлдарымыз сесті болсын.
Қыздарымыз есті болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Қатарларымыз көп болсын,
Уәйім- қайғымыз жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин.
2 – жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй дегендей, келесі кезекті күйге береміз.
1 – жүргізуші:
Алыстан «Алаш» десе аттанамын,
Қазақты «Қазақ» десе мақтанамын.
Мен – қазақ, әкем – қазақ, шешем – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
2 – жүргізуші:
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Ендігі кезекті мектебіміздің оқушылары дайындаған тарихи зерттеулерге берейік.
1. Көпешова Аружан 7а кл. – Керей мен Жәнібек хан
2. Құлынтаева Айман 7а кл. – Нұралы хан
3. Темірбаева Аяжан 9а кл. – Қасым хан
4. Сәрсенбаева Алтын 9а кл. – Тәуекел хан
5. Ноқым Алтынбек – 9ә кл. - Есім хан
6. Қаражанова Гүлфайруз 9ә кл. – Хақназар хан
7. Алмашев Асылан 10ә кл.– Абылай хан
8. Бекболатов Қуаныш 7ә кл. – Тәуке хан
9. Шангереева Жаннэт 9а кл. – Әбілхайыр хан
10. Ерланқызы Айжан 8а кл.– Керей мен Жәнібектің тарихтағы орны
1-жүргізуші
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік! Тәу етем, һақ тағалам,
Сенің биік төбеңнен бақ тараған.
Тіл мен көзден сақтасын бір өзіңді
Өткен-кеткен саған бір жалт қараған.
Сенде қаны, бабамның, ағалардың,
Сені сом алтынға мен бағалармын.
Баға жетпес қадірің, қасиетің,
Мекені Қазақ елі даналардың.
Сөз кезегі мектеп кітапханасында.
1-жүргізуші:
Беу, азаттық, киелім орның көкте,
Мен Тәуелсіздік гүлдерін өстіп өпкем.
Еңбек пен білімі тасқындаған,
Біз жетейік сол елге күшті көппен.
Оң шапақты шадыман Тәуелсіздік,
Сен үшін біз талай жыр, әуен сыздық.
Мәңгілік Ел шырағы сөнбейтіндей.
2-жүргізуші:
Ел болдың, ерік алдың астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?!
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Қазағымның атымен басталады.
Ендеше, сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Оқушыларды марапаттау.
1-жүргізуші:
Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер,
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
2-жүргізуші:
Бүгінгі «Тарих – ғасырлар куәсі» атты ғылыми- практикалық конференциямыз аяқталды.
Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
Назарларыңызға рахмет !!!

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.