Қазақстан Тарих "1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс" 8 сынып
Сабақтың мақсаттары:
1. Көтерілістің басталу
себептеріне сипаттама беру. Кенесарының халқының бостандығы мен тәуелсіздігі
үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, көтеріліс барысына тигізген
ықпалын бағалау. Көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің
маңызын ашып көрсету.
2. Оқушыларды тарихи кезеңдерін сатылай талдай білу және
салыстырмалы талдау жасау, қорытынды шығару,өз көзқарасын дәлелдеу
дағдыларын жетілдіру.
3. Кенесарыдай
батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін қалыптастыру,
жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз елін,
жерін қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі:топтық жұмыс, сұрақ-жауап,сатылай кешенді талдау
деңгейлері,ойын,топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті
тақта,карта,тірек-сызба,суреттер,деректер
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушы зейінін сабаққа аудару.
2. Түс таңдау арқылы 3 топқа
бөлу,басшыларын сайлау,бағалау парағын беру.
Психологиялық дайындық. "Бір-бірімізге жылылық силайық"
Топ ережесі. Топ ережесіне бағынайық.
бір - бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым - қатынас орнату
ынтымақтасу
өзгенің пікіріне құрметпен қарау
Сабақтың барысы:
Сабақтың ұраны: "Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран"
Оқушылар біздер осы уақытқа дейін қандай
ұлт-азаттық көтерілістерді оқыдық?
Соның ішінде хан тұқымынан шыққан,көтерілісті басқарушы адамның есімін атаңдар?
Әрине, Кенесары. Мақсатымен ,өзекті
мәселесімен таныстыру.
ІІ.Тарихқа саяхат. Сандар сөйлейді.......(Өткен тақырыптарға
шолу)
1. "Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама" жылдарын ата?
2. Абылай ханның билік еткен жылдары?
3. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы қай жылдары болды?
4. Кіші жүзде хандық қай жылы жойылды?
5. Бөкей ордасы құрылған жыл.
6. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды?
7. Исатай-Махамбет көтерілісі қай жылдарды қамтыды?
8. "Сібір қырғыздары туралы жарғы" қай жылы шықты?
9. Кіші жүз Ресей империясының құрамына қай жылы кірді?
10. Саржан Қасымұлы қай жылы қаза тапты?
ІІ. 2-ші тапсырманы
орындамас бұрын сіздерге мынадай оқиға айтып бергім келеді.
Хан Абылай түс көріп, түсті жорытуға Бұқар жырауды шақыртып алыпты.Түсімде табытта
жатыр екем,бір бүйірімде арыстан,
бір бүйірімде айдаһар отыр екен.
Аяқ жағымда Уәлиден тараған ұрпақтарым құран оқып отыр екен де,Қасымнан тараған
ұрпақтарым мені қорғап жүр екен дейді. Сонда
бұл нені білдіреді деген екен Бұқар жырауға.
Қырыққа келмей табытта жатсаң, өмірің ұзақ болады екен, екі жақтағы арыстан мен
айдаһар қос бүйіріңнен мемлекетті қысатын орыс пен шүршіт ,ал аяғыңда тұрған Уәлиден тараған ұрпағың атын қағазда,
Қасымнан тараған ұрпағың атын майданда қалдырады екен дейді. Сәуегей жыраудың
айтқаны айнымай келді.
Абылайдан тараған 30 ұлдың ұрпағы түгелдей патшаға қызмет етіп, тек кенжесі
Қасым сұлтан ұрпағымен өз елінің тұтастығын сақтап қалу мақсатында
қас дұшпандарымен алысып өтті.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.